22 қыркүйек. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 21 қыркүйекте тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырманға есімдер күнтізбесін ұсынады.

күнтізбе
Фото: ҚазАқпарат

73 жыл бұрын (1950) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтардың лауреаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Несіпбек АЙТҰЛЫ дүниеге келді.

ҚХР Шыңжаң өлкесі Тарбағатай аймағының Шәуешек ауданында туған. 1962 жылы тарихи отанына оралған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1974-1984 жылдары – «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасының редакторы. 1984-1994 жылдары – Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. 1995-1996 жылдары – «Ақын» қауымдастығының директоры. 1997-2001 жылдары – «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылдан Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 2008 жылдан «Алтын тамыр» журналының бас редакторы қызметін атқарды. Қазіргі таңда Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың директоры.

«Балалық» деген алғашқы өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» газетінде, алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрген. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек», «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме», «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары, «Ескендір қорғаны» (Ә. Науаи), «Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан. Түріктің VII ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміре, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, итальян ақыны Дж. Родаридың, сондай-ақ М. Исаковский, А. Барто, С. Михалков, С. Баруздин, В. Берестов, Т. Сыдықов, С. Жусуев өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

58 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Әнуар Серқұлұлы ЖҰМАДІЛДАЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінде білім алған, математик (1990); Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, қаржыгер (2006).

Еңбек жолы: Қазақ КСР Ғылым академиясының математика және механика институтының стажер-зерттеушісі (1990); П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінің аспиранты (1992-1992); «Фирма Алас» ЖШС коммерциялық директоры (1992-1997); «Алаугаз» АҚ басқарушы директоры; «Акцепт-Профиль» ЖШС вице-президенті, «Алаугаз» АҚ президентінің міндетін атқарушы, «Алаугаз» АҚ президенті (1997-2003); ҚР Қаржы министрлігі салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары; ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым мониторингі және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бастығы, ҚР Қаржы министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым мониторингі және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бастығы; ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы (2008-2009); ҚР Қаржы министрлігінің салық комитеті төрағасының орынбасары (2009-2012); ҚР Қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы (2012-2014); ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары (2014-2015); ҚР Қаржы Министрлігі қаржылық бақылау комитетінің төрағасы, ҚР Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы (2015-2017); ҚР Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы (2017-2019); ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы (2019-2020).ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы (2020-2022).

46 жыл бұрын (1977) Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Тілемісұлы МҰРАТБЕКОВ дүниеге келді.

Қостанай облысының тумасы. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін (1999), академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін (2010) бітірген.

Еңбек жолы: Қамысты орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі (1994-1998); Затобол №2 орта мектебінің мұғалімі (1998-2000); Қостанай облысы әкімі аппаратының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бөлімі басшысының міндетін атқарушы бөлім басшысы; Қостанай облысының экономика басқармас басшысының орынбасары, бастығы (2000-2005); Денисов ауданы әкімінің орынбасары (2005-12.2012); Қостанай қаласы әкімінің орынбасары (2012-2013); Қостанай облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы (2013 жылдан).

37 жыл бұрын (1986) актриса Гүлнар СИЛЬБАЕВА дүниеге келді.

Орал қаласының тумасы.

I Халықаралық жас таланттар фестиваліне (Алматы қ.); «Мәскеу – Самара – Транзит» халықаралық байқауына (лауреат, Самара); «Роза ветров» (лауреат, Мәскеу); «Веселая радуга» (лауреат, Одесса); «Волшебство сказкт» (Сочи) байқауына қатысты.

Superstar.KZ тележобасының жартылай финалына өтті (2003-2004).

«Қазақтар» КТК командасының мүшесі, КТК Жоғарғы лигасының 2010 жылғы вице-чемпионы, «Спарта» командасы сапында 2017 жылғы Жоғарғы лиганың чемпионы.

2012 жылы алғаш рет киноға түсті. Фильмографиясы: «Одноклассники», «Молоко, творог, сметана», «25-й километр», «Базарбаевы», «Я жених», «Любовь на миллион», «Гейзер», «Гламур для дур», «По любви», «Где мое кольцо», «Ұмай».

«Организация Определенных Наций», «Әзіл студио» скетч-шоуына және TНT телеарнасындағы «Игра» телешоуына қатысқан.

35 жыл бұрын (1988) актер, рэп орындаушы және кәсіпкер Тимур БАЛБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласының тумасы. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген (2010).

KONTORRA RECORDS дыбыс жазу студиясы иелерінің бірі.

2009 жылы алғаш рет «Город А» фильмінде эпизодтық рөл ойнады, ал 2010 жылы «Рывок» спорттық драмасына түсті.

Соңғы жаңалықтар