22 наурыз күні Астананың бірнеше көшелері жабылады - жол полициясы

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - 22 наурызда Астананың бірқатар көшелері жабылады. Бұл жөнінде бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының ІІД жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Қали Аймағамбетов мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, бұл шаралар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған.

«22 наурыз күні «Қазақ елі» монументі алаңында халық көп жиналады деп күтілуде. Сондықтан ЖПБ инспекторлары қозғалысты қауіпсіз әрі кептеліс болмайтындай етіп ұйымдастыруы қажет. 22 наурыз күні таңғы сағат сегізден бастап іс-шаралар аяқталғанға дейін автокөлік қозғалысы Тәуелсіздік даңғылы - Р.Қошқарбаев (Сарайшық көшесі) көшесінен бастап Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін; Байтұрсынов көшесі - Б. Момышұлы көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін; Сарайшық көшесі - М1-ден Обаған көшесіне дейін; Сығанақ көшесі - М3-тен Обаған көшесіне дейін толығымен жабық болады», - деді Қ. Аймағамбетов.

Мейрам күні жүргізушілер уақытша Орынбор көшесіндегі айналма жолмен жүрулері қажет.

Сондай-ақ, Қ. Аймағамбетовтің айтуынша, тиісті аумақта автотұрақтардың жеткіліксіздігін ескере отырып, жеке автокөлікпен емес, қоғамдық көлікпен жүру тиімді болады.

Тағы бір айта кетерлігі, мереке күндері полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Астанада жол қауіпсіздігін 450 инспектор қамтамасыз ететін болады.

Соңғы жаңалықтар