22 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 22 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None
None

НҰР-СҰЛТАН

10.30-да «Самұрық-Қазына» АҚ 2021 жылғы алдын-ала қаржылық нәтижелері туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер – «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі Назира Нұрбаева. Трансляция Қордың Youtube арнасында жүргізіледі: https://youtube.com/user/SKazyna.

11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Елдегі өрт қауіпті кезеңнің басталуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов, ҚР ТЖМ Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханада белгілі саясаттанушы, журналист-публицист, қоғам қайраткері Кенжеболат Жолдыбайдың «Ғибратты ғұмыр» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

11.00-де Қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы «Елордадағы автокөліктердің рұқсатсыз жерде тоқтағанын автоматты түрде белгілейтін жүйе» туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Денсаулық сақтау саласында халықпен кері байланысты қамтамасыз ету шаралары» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Басты спикерлер: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Шоманова Ләззат Әсетқызы; ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ахметниязова Лаура Мұстафина; ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Біржанова Күләйім Жақсылыққызы.

15.00-де елордалық Достық үйінде «Ашық ақпараттық кеңістік: қоғамның сұраныстары және медиасаланың даму тенденциялары» тақырыбында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының медиа-орталығының отырысы өтеді.

16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Бақытнұр Бүрдесбековтың 60 жылдығына арналған «Бояу поэзиясы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

17.00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның фойесінде Кәкімбек Салықовтың фотосуреттері мен кітаптары көрмесінің ашылуы өтеді.

19.00-де Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония сахнасында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын, аудармашы және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 90 жыл толуына орай музыкалық-поэтикалық кеш өтеді.

19.00-де Астана Балет театрында «Сұлтан Бейбарыс» қойылымы көрсетіледі.

19.30-да QAZAQSTAN орталық концерт залында «Композиторлардың портреттері» атты концерт өтеді.


Соңғы жаңалықтар