22-ші экипаж Халықаралық ғарыш стансысына аттанды - Байқоңыр

деп хабарлайды РБК агенттігі.
Экипаждың негізгі құрамына "Союз ТМА-17" ғарыш кемесінің командирі Олег Котов (Ресейғарыш), бортинженерлер: жапондық Соичи Ногучи (Japan Aerospace eXploration Agency JAXA) мен американдық Кример (NASA) кіріп отыр.
Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансысымен желтоқсанның 23-інде мәскеу уақыты бойынша сағат 01.54-те түйіседі деп жоспарлануда.
Халықаралық ғарыш стансысындағы 20-21-ші экспедициялардың бұрынғы экипаждары жартыжылдық жұмыстан кейін Жерге желтоқсанның 1-інде оралған болатын. Олар - ресейлік Роман Романенко, Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Френк де Винне және Канада ғарыш агенттігінің астронавты Роберт Тирск. Қазіргі таңда стансыда екі астронавт қалып отыр, олар - стансыға қазан айының басында барған Максим Сураев пен Джеффри Уильямс. 22-ші экипаж соларға барып қосылады.