22 тамыз. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 22 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
68 жыл бұрын (1957) University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы, Қазақстанның «Еңбек Ері» Юрий Владимирович ПЯ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітірген.
1981 жылы алғашқы еңбек жолын Тула қалалық ауруханысынан бастаған. 1982-1984 жылдары Фрунзе (Бішкек) қаласындағы № 3 балалар ауруханасында жұмыс істеді. 1984 -1985 жылдары Қырғызстандағы республикалық ауруханасында кардиохирург, 1985-1994 жылдары Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы кардиохирургия және терапия орталығында кардиохирург болып жұмыс істеген. 1994-2003 жылдары «Sani Konukoglu» медициналық орталығының қызметкері болды. 003 жылы Қазақстанға оралып, Ұлттық ғылыми медициналық орталығының кардиохирургиялық клиникасында жұмысын бастаған. 2010-2020 жылдары «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған.
2020 жылдың тамыз айынан бері қазіргі қызметінде.
2012 жылдың тамыз айында Қазақстанның Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының тарихында Юрий Пя алғаш рет Чех әріптесі Жан Пирканың көмегімен созылмалы жеткіліксіздігі бар донорлық жүректі жүрекке ауыстыру операциясын жасады.
Қазақстанның Еңбек Ері (2013), «Парасат» (2012), «Отан» (2013) ордендерімен; «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен (2006); «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2011) марапатталған.
62 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Сейітханұлы ЖОШЫБАЕВ дүниеге келді.

Ол 1985 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін, 1992 жылы Санкт-Петербург экономика және қаржы университетін бітірген.
1985-1986 жылдары Қырғыз КСР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылыми-зерттеу институтының экономисі, 1986-1988 жылдары Қырғыз КСР Мемлекеттік жоспарлау Есептеу орталығының аға инженері, 1988-1989 жылдары Вознесенский атындағы Ленинград қаржы-экономикалық институтының тағылымдамашы-зерттеушісі, 1989-1992 жылдары Санкт-Петербург экономика және қаржы университетінің аспиранты, 1993 жылы Санкт-Петербург экономика және қаржы университетінің тағылымдамашы-оқытушысы, 1993-1996 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының үшінші хатшысы, екінші хатшысы қызметінде болды. 1996-1998 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, бөлім бастығы, 1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, 2000-2003 жылдары ҚР Президенті Протоколы басшысының орынбасары, 2003-2004 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, 2004 жылы ҚР Президенті Протоколының бас инспекторы, 2004-2007 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, 2007-2013 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы, 2013-2016 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, 2013-2018 жылдары ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары, 2018-2019 жылдары «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» ұлттық АҚ басшысы, 2019-2021 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарған.
2021 жылдың сәуірінен бастап қазіргі қызметінде.
І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
62 жыл бұрын (1963) University Medical Center басқарма төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты кардиолог дәрігер Махаббат Сансызбайқызы БЕСБОСЫНОВА дүниеге келді.

Шымкент қаласының тумасы. Емдеу ісі мамандығы бойынша И. М. Сеченов атындағы Мәскеу медицина институтының түлегі (1986).
Еңбек жолын 1987-1990 жылдары Шымкент қаласындағы № 6 емханада терапевт дәрігер болып бастаған. Кейіннен Мәскеу қаласындағы клиникалық ординатурада және аспирантурада білім алып, сол жерде дәрігер-кардиолог болып жұмыс істеп, аритмология саласында ғылыми зерттеулермен айналысты. 2003 жылдан бастап Астана қаласындағы ҰҒМО VIP терапиясының меңгерушісі, Астана қаласындағы Жүрек орталығының (ҰҒМО) басшысы, 2006-2010 жылдары «Кардиология орталығы» МКҚК бас дәрігері, Астана қаласы ДС ДСБ бас штаттан тыс кардиологы болып жұмыс атқарды. 2008-2010 жылдары ҚР ДСМ бас штаттан тыс кардиологы болды.
2021 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.
2007 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2008 жылы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, 2010 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ҚР ДСМ медалімен, 2011 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне — 20 жыл» медалімен марапатталды.
50 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Тоқтарқызы ӘБДІРЕЕВА дүниеге келді.

Ол Астана қаласында дүниеге келген. «Әділет» жоғары заң мектебін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген (2000); Турин университетінің (Италия), зияткерлік меншік магистрі (2006).
Еңбек жолы: Ақмола қалалық халық сотының экспедитор-курьері (1994-1996); Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кадр мәселелері жөніндегі 1 санатты маманы (1996-1998); Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жетекші маманы, бас маманы (1998-2001); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы (2001-2008); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары (2008-2014); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары (2014-2016); Еуразиялық патенттік ұйымда басшы лауазымдар (2016-2020); зияткерлік құқықтар бойынша заңгер (2020-2022); Астана қалалық сотының судьясы (2022-2023); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры (2023-2024).
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
Наградталған медальдары: «Қазақстанның Конституциясына 10 жыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» (2013).
42 жыл бұрын (1983) Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Ғани Сақтағанұлы НЫҒЫМЕТОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (халықаралық қатынастар саласындағы маман), АҚШ-тағы Монтерей халықаралық зерттеулер институты (мемлекеттік басқару магистрі) сонымен қатар, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін (іскерлік әкімшілендіру магистрі) бітірген. Гарвард университетінің Кеннеди атындағы басқару мектебінде, Сингапур ұлттық университетінде басшылардың біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Еңбек жолын Нью-Йорктегі БҰҰ Даму Бағдарламасының штаб-пәтерінде тағылымдамадан бастады. 2007-2009 жылдары «ҚР Үкіметі және Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдау орталығы» АҚ мемлекеттік басқару департаментінің жоба менеджері, 2010-2013 жылдары Назарбаев Университеті Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Назарбаев Университеті Энергетикалық зерттеулер орталығы бас директорының орынбасары, 2013-2016 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті қызметінде болды. 2016-2018 жылдары «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директоры, «Еуразиялық интеграция институты» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. 2018-2020 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі меңгерушісінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2020-2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2022-2023 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2023-2024 жылдары жылы ҚР Парламент Сенат Аппараты Басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Қазіргі лауазымын 2024 жылдың наурызынан бері атқарып келеді.
39 жыл бұрын (1986) Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Юрий Германович ШИН дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 2008 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2006-2010 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ менеджері, 2010-2014 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма бастығы, 2014-2016 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ бас банкінің Операциялық банкинг департаменті директорының орынбасары, 2017-2019 жылдары «Sofita» ЖШС басшысы, 2017-2019 жылдары «Starfin group» ЖШС басшысы, 2019-2021 жылдары «BRAVO GROUP» ЖШС компаниялар тобының басшысы, 2021-2024 жылдары «KazPhos» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.
Қызметінде 2024 жылдың сәуірінен бері.