22 тамыз. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 22 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

22 тамыз. Тұлғалар туған күн

ЕСІМДЕР

6 6 жыл бұрын (1957) University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы, Қазақстанның «Еңбек Ері» Юрий Владимирович ПЯ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітірген.

1981 жылы алғашқы еңбек жолын Тула қалалық ауруханысынан бастаған. 1982-1984 жылдары Фрунзе (Бішкек) қаласындағы №3 балалар ауруханасында жұмыс істеді. 1984 -1985 жылдары Қырғызстандағы республикалық ауруханасында кардиохирург. 1985-1994 жылдары Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы кардиохирургия және терапия орталығында кардиохирург болып жұмыс істеген. «Sani Konukoglu» медициналық орталығының қызметкері, Түркия (1994-2003). 2003 жылы Қазақстанға оралып, Ұлттық ғылыми медициналық орталығының кардиохирургиялық клиникасында жұмысын бастаған. 2010-2020 жж. «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы.

2020 жылдың тамыз айынан бері қазіргі қызметінде.

2012 жылдың тамыз айында Қазақстанның Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының тарихында Юрий Пя алғаш рет Чех әріптесі Жан Пирканың көмегімен созылмалы жеткіліксіздігі бар донорлық жүректі жүрекке ауыстыру операциясын жасады.

Қазақстанның Еңбек Ері (2013). «Парасат» (2012), «Отан» (2013) ордендерімен; «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен (2006); «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2011) марапатталған.

60 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Елшісі Рәпіл Сейітханұлы ЖОШЫБАЕВ дүниеге келді.

Ол Қырғыз мемлекеттік университетін (1985), Санкт-Петербург экономика және қаржы университетін (1992) бітірген.

1985-1986 жылдары – Қырғыз КСР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылыми-зерттеу институтының экономисі.1986-1988 жылдары – Қырғыз КСР Мемлекеттік жоспарлау Есептеу орталығының аға инженері. 1988-1989 жылдары – Вознесенский атындағы Ленинград қаржы-экономикалық институтының тағылымдамашы-зерттеушісі. 1989-1992 жылдары – Санкт-Петербург экономика және қаржы университетінің аспиранты. 1993 жылы – Санкт-Петербург (Ресей Федерациясы) экономика және қаржы университетінің тағылымдамашы-оқытушысы. 1993-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының үшінші хатшысы, екінші хатшысы. 1996-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, бөлім бастығы. 1998-2000 жылдары – Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі. 2000-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколы басшысының орынбасары. 2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі. 2004 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас инспекторы. 2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2007-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы. 2013-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 2013-2018 жылдары – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары. 2018-2019 жылдары – «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» ұлттық акционерлік қоғамының басшысы. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың сәуірінен.

І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

60 жыл бұрын (1963) «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Сансызбайқызы БЕСБОСЫНОВА дүниеге келді.

Шымкент қаласының тумасы. 1986 жылы емдеу ісі мамандығы бойынша И.М.Сеченов атындағы Мәскеу 1 медицина институтыныңтүлегі.

Еңбек жолын 1987-1990 жылдары Шымкент қаласындағы №6 емханада терапевт дәрігер болып бастаған. Кейіннен Мәскеу қаласындағы клиникалық ординатурада және аспирантурада білім алып, сол жерде дәрігер-кардиолог болып жұмыс істеп, аритмология саласында ғылыми зерттеулермен айналысты. 2003 жылдан бастап Астана қаласындағы ҰҒМО VIP терапиясының меңгерушісі, Астана қаласындағы Жүрек орталығының (ҰҒМО) басшысы, 2006-2010 жылдары – «Кардиология орталығы» МКҚК бас дәрігері, Астана қаласы ДС ДСБ бас штаттан тыс кардиологы болып жұмыс атқарды. 2008-2010 жылдары ҚР ДСМ бас штаттан тыс кардиологы. 2010 жылдың қазанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Назарбаев Университеті Ұлттық медициналық холдинг «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.

2007 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2008 жылы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, 2010 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ҚР ДСМ медалімен, 2011 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалімен марапатталды.

4 1 жыл бұрын (1982) Астана қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Ермекұлы ҚАНАЛИМОВ дүниеге келді.

Целиноград қаласында туған. Астана қаласының Басқару институтында, Қазақстан-Ресей университетінде білім алған.

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадрлық бөлімінің бас маманы (2003-2005), бастығы (2005-2006), аудан әкімінің кеңесшісі (2006-2007); Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі (2007-2009); Аппарат басшысының орынбасары (2009-2013); Астана қаласы әкімдігі «Дағдарыс орталығы» КММ-нің директоры (2013-2015) болған. «Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы» ММ-нің басшысы (2015-2018) қызметін атқарған. Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі (2018-2019); Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары (04.2019-07.2019) болды. 2019-2021 жылдары Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2021 жылғы қаңтардан бері.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015), «Ерен еңбегі үшін» (2015) медальдарымен; Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен (2005, 2010, 2015) марапатталған.

40 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Сенаты аппараты басшысының орынбасары Ғани Сақтағанұлы НЫҒЫМЕТОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында туған. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, халықаралық қатынастар маманы (2005); Монтерей халықаралық зерттеу институты («Болашақ» бағдарламасының стипендиаты), Монтерей, Калифорния, АҚШ, мемлекеттік басқару магистрі (2007); Назарбаев Университеті және Дьюк Университеті (АҚШ), Жоғары бизнес мектебі Астана қаласы, іскерлік әкімшілендіру магистрі (2014); Колумбия университеті, бизнес-мектеп және т.б.

Еңбек жолы: БҰҰ Даму бағдарламасы ТҚҚ ДБ штаб пәтерінде тағылымдамадан өтуші (02.2007-07.2007); ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк жанындағы ұлттық талдау орталығы» АҚ мемлекеттік басқару департаменті жобасының менеджері (2007-2009); «Назарбаев Университеті» халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2009-2012); Назарбаев Университеті «Энергетикалық зерттеу орталығы» бас директорының орынбасары (01.2012-11.2012 «Nazarbayev University Research and Innovation System» (Chief Business Development Officer) бизнесті дамыту жөніндегі бас директор (2012-2013); ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті (2013-2016); «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директоры (2016-2017). 2017-2018 жылдары Еуразиялық интеграция институтының директоры, 2018-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (2019-2020). Cолтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2020-2022).

2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.