15:18, 08 Желтоқсан 2014 | GMT +5
22 жастағы қызды 16 сағат бойы ұстап отырған көкшетаулық қолға түсті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 22 жастағы қызды 16 сағат бойы күштеп ұстап отырған жігіт қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Полицейлердің мәліметі бойынша, бүгін 1992 жылы туылған қыз 24 жастағы көкшетаулықтың үстінен арыз жазған. Зардап шегушінің айтуынша, оны жігіт 16 сағат бойы яғни, түнгі сағат 01:00- ден күндізгі 17:00-ге дейін күштеп ұстап отырған. Сонымен қатар, ол қызға қол көтерген де көрінеді. Қазіргі кезде күдікті ұсталып, істің мән-жайы анықталуда.