22 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 22 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

туған күн
Фото: Kazinform

71 жыл бұрын (1954) «QazaqGaz» ҰК» АҚ тәуелсіз директоры, Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері Омархан Нұртайұлы ӨКСІКБАЕВ дүниеге келді.

Омархан Нұртайұлы ӨКСІКБАЕВ
Фото: qazexpocongress.kz

Алматы облысында туған. 1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді. 1991 жылы Францияда (Парижде) «Нарықтық экономикадағы аудиторлық қызмет» мамандығы бойынша білім алды. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолы: 1975-1976 жылдары Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист, 1976-1977 жылдары ГДР-дағы Кеңес әскерлері тобының құрамында әскери қызметкер, 1977-1979 жылдары Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист, 1979-1984 жылдары Алматы облысы Балқаш ауданының «Тыңға 25 жыл» кеңшарында бас экономист, Алматы облыстық суармалы жерлерді игеру басқармасының жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы қызметінде болды. 1984-1992 жылдары Қаржы министрлігінің аға бақылаушы-тексерушісі, бас бақылаушы-тексерушісі, ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, 1992-1996 жылдары ҚР Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің басқарма бастығы, алқа мүшесі, 1996 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекетаралық қатынастар басқармасының бастығы, 1996-1998 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі, 1998-2000 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі, 2000-2002 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары, 2002 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Бас бақылау инспекциясының басшысы қызметтерін атқарды. 2002-2003 жылдары ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, 2003-2012 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. 2012-2016 жылдары бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының партиялық тізім бойынша сайланған мүшесі, 2016-2021 жылдары ҚР Парламент Мәжілісінің алтыншы шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.

«Құрмет» орденімен (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерекелік медальдармен, III дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2011), «Парасат» орденімен (2012), II дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2012), I дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2014) марапатталған.

61 жыл бұрын (1964) Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы АХМЕТЖАНОВ дүниеге келді.

Марат Мұратұлы АХМЕТЖАНОВ
Фото: Kazinform

Қарағанды облысында туған. 1991 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1991-2012 жылдары прокуратура, әділет органдарында, мемлекеттік тергеу комитетінде қызмет еткен. Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. 2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары, 2014-2016 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, 2016 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, 2016-2021 жылдары ҚР Бас прокурорының орынбасары, 2021-2022 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, ТМ елдерінде Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңес төрағасы, 2022-2023 жылдары ҚР Ішкі істер министрі болды.

Қазіргі қызметін 2023 жылғы қыркүйек айынан атқарып келеді.

«ІІІ дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі» сыныптық шені бар. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Адмирал Кутузов» (2003), «300 лет Российскому флоту» медальдарымен марапатталған.

55 жыл бұрын (1970) Абай облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айнұр Серікбайқызы АРҒЫНБЕКОВА дүниеге келді.

Айнұр Серікбайқызы АРҒЫНБЕКОВА
Фото: Vestisemey.kz

Семей қаласында туған. 1994 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі», 2003 жылы Алматы қаласындағы «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері.

Еңбек жолын 1994 жылы аспирант болып бастап, 2013 жылға дейін Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің фармакология кафедрасының профессоры болды. 1999-2022 жылдары Семей қаласындағы «Қайнар» Жоғары колледжінің директоры, 2012-2022 жылдары Семей қаласы мәслихатының V, VI, VII шақырылым депутаты, 2019-2020 жылдары «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2011-2020 жылдары «Семей қаласындағы іскер әйелдер қауымдастығы» ҚҰ филиалының төрайымы, 2020-2022 жылдары «Семей қаласындағы Қазақстан әйелдер күштері Альянсы» ЗТБ филиалының төрайымы болды.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың тамыз айынан атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін», «Белсенді қызметі үшін» мемлекеттік марапаттарымен, мерекелік медальдармен, ҚР Президентінің, ҚР Мемлекеттік хатшысының, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталған.

48 жыл бұрын (1977) ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Сабырқызы КҮШІКОВА дүниеге келді.

Жанель Сабырқызы КҮШІКОВА
Фото: Gov.kz

Петропавл қаласында туған. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы сауда және экономика министрлігінің демпингке қарсы бақылау жөніндегі комитетінің ішкі нарығын қорғауда бас сарапшы ретінде бастады. 2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы сауда және индустрия министрлігінің сарапшы бақылауы және халықаралық қоғамдастық, сауда департаменті саясатының тарифтік және кедендік бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. 2004-2008 жылдары кедендік-тарифтік бағдарлау бөлімінің басшысы, 2008-2010 жылдары сауда және индустрия министрлігінің сыртқы саяси даму департаментінің директоры қызметін атқарды. 2010-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі сыртқы сауда саясатын дамыту департаментінің директоры болды.

Қазіргі қызметін 2019 жылдан бастап атқарып келеді.

43 жыл бұрын (1982) ҚР Бала құқықтары бойынша уәкіл Динара Болатқызы ЗӘКИЕВА дүниеге келді.

 Динара Болатқызы ЗӘКИЕВА
Фото:instagram.com/zakiyevadinara

Бейжің Тіл және мәдениет институтын (Қытай 2001), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша (2002), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша (Мәскеу, 2004), MBA Hult international business school (Дубай 2013) бітірген.

Еңбек жолы: 2004-2005 жылдары «ТопЮрАудит» ЖШС бас директорының орынбасары, 2005 жылы Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманы, «Antarex» ЖШС, «Rafe» мейрамханалар желісінің негізін қалаушы, 2007-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының сарапшысы, 2011 жылы «Қасиетті Жол» қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы, 2013-2015 жылдары Партия Төрағасының Бірінші орынбасары хатшылығы басшысының орынбасары — «Nur Otan» партиясының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі қызметтерін атқарды. 2017-2019 жылдары Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» КММ директоры, 2019 жылы «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес төрайымы, 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының басшысы болды.

2020 жылы «Nur Otan» партиясы Қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер, 2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылым депутаты болды.

2023 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен (2019 жыл), «АСТАНА 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2018 жыл) марапатталды.

42 жыл бұрын (1983) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ольга Владимировна ВУРОС дүниеге келді.

ВУРОС Ольга Владимировна
Фото: Кapital.kz

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген (2004); Халықаралық бизнес академиясы, «Менеджмент» мамандығы (2008).

Еңбек жолы: «Компьютерлік жүйелер корпорациясы» ЖШС басшысының көмекшісі (2002-2003); № 1 Корпорациялармен жұмыс бөлімінің № 1 несиелеу бөлімінің маманы (2003-2004); Қаржы департаментінің сату жөніндегі менеджері (2004); № 2 корпоративтік клиенттерді несиелендіру департаментінің № 1 жобаларды қаржыландыру бөлімінің бас маманы (2004-2005); № 1 корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі департаментінің № 1 кеңсесінің аға менеджері (2005-2006); № 1 Корпоративтік клиенттермен жұмыс департаментінің № 1 кеңсесінің бас менеджері (2006-2007); №1 Корпоративтік клиенттермен жұмыс департаментінің № 2 бөлімінің басшысы (2008-2015); № 1 Корпоративтік клиенттермен жұмыс департаментінің директоры (2015-2022).

2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

39 жыл бұрын (1986) ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау департаментінің сектор меңгерушісі Ұлықбек Серікұлы ТНӘЛИЕВ дүниеге келді.

Ұлықбек Серікұлы ТНӘЛИЕВ
Фото: Gov.kz

Жамбыл облысында туған. Атырау мұнай және газ институтын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Атырау қаласындағы қоғамдық ұйымдарда ерікті болып бастады. 2006 жылы «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық ұйымының төрағасы, 2017 жылы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары болды. Түрлі жылдары Атырау облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2020-2021 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының басшысы, 2021-2022 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры болды.

2025 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

166 жыл бұрын (1859-1919) Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Бақтыгерей ҚҰЛМАНОВ дүниеге келді.

 Бақтыгерей ҚҰЛМАНОВ
Фото: Wikipedia

Жәңгір мектебін, Санкт-Петербургтегі Император университетінің Шығыс факультетін тәмамдаған. 1887 жылы ғылым кандидаты атағын алып, көп уақыт Бакудегі түрлі сайланбалы жауапты жұмыстарда болды.

Б. Құлманов 1906-1907 жылдары І Мемлекеттік және ІІ Мемлекеттік Думаларға Ішкі орда қазақтарынан депутат болып сайланып, мұсылман фракциясын басқарған. 1917 жылғы сәуірдің 23-інен желтоқсанның 2-сіне дейін Бөкей ордасындағы уақытша үкіметтің комиссары болды. 1917 жылғы желтоқсанның 3-7 аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде президиум басқарып, Алашорда үкіметінің төрағалығына Ә. Бөкейхановпен бірге ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар