23 ақпан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 23 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
61 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Марат Шадетханұлы ҚОЖАЕВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1989), ҚР ІІМ академиясын (2001) бітірген, заңгер.
Алматы облысы мен Алматы қаласында ішкі істер органдарында бірқатар қызмет атқарды. 2004-2007 жылдары Алматы қаласы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, 2007-2009 жылдары Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары, 2009-2012 жылдары Жамбыл облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, 2012-2014 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу комитетінің төрағасы, 2014-2017 жылдары Павлодар облысы ішкі істер департаменті бастығы, 2017-2019 жылдары Астана қалалық полция департаментінің бастығы қызметінде болды.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың қазан айынан бастап атқарып келеді.
ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен; «ІІМ еңбегі сіңген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
57 жыл бұрын (1968) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бірлескен штабы бастығының орынбасары Руслан Нұртөлеуұлы ШПЕКБАЕВ дүниеге келген.

Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысында туған. Одесса жоғары артиллериялық командалық училищесін (1989); Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жоғары артиллериялық университетін (2003); Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының жоғары академиясын (2011) аяқтады.
Еңбек жолы: Взвод командирінен бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасарына дейінгі офицерлік құрамның лауазымдарында әскери қызмет атқарды. 1989 жылғы шілдеден бастап взвод командирі, батарея командирі, дивизион командирі лауазымдарында қызмет өткерді. 1994-1995 жылдары ГФР Бундесвер артиллериялық мектебінде білім алды және әскери практикадан өтті. 1996-1997 жылдары штаб бастығы — армиялық корпус артиллериялық полктің командирі қызметін атқарды. 1997 жылғы желтоқсаннан бастап мотоатқыш дивизиясы артиллериялық полкінің командирі қызметін атқарды. 2003-2004 жылдары дивизия командирінің орынбасары — механикаландырылған дивизия зымыран әскерлері және артиллерия басқармасы бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды. 2004 жылғы қарашадан бастап өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары — «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы әскер тегінің зымыран әскерлері және артиллерия бастығы қызметін атқарды. 2011-2012 жылдарф Ұлттық қорғаныс университеті әскери және мемлекеттік басқару факультеті жедел өнер кафедрасы бастығының орынбасары қызметінде болды. 2012-2013 жылдары ҚР ҚК Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаменті бастығының орынбасары — басқарма бастығы, 2013-2017 жылдары ҚР ҚК Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы лауазымында қызмет етті. 2017-2020 жылдары ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығының бірінші орынбасары, 2020-2023 жылдары ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарған.
Қазіргі қызметінде — 2023 жылдың қыркүйегінен бастап.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен; бірқатар медальдармен марапатталған.
47 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Жәмила Юсупжанқызы ӘБДІҚАДЫРОВА дүниеге келді.

«Тұран» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген (1999).
Еңбек жолы: 2003-2013 жылдары ҚРПрезиденті Архивінің маманы, жетекші маманы, бас маманы, жинақтау және құжаттама бөлімінің меңгерушісі, 2013-2014 жылдары ҚР Президенті Архивінің жинақтау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, 2014-2015 жылдары ҚР Президенті Архивінің мұрағат қорларының сақталуын және мемлекеттік есебін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, 2015-2018 жылдары ҚР Президентінің Архиві директорының орынбасары, 2018-2022 жылдары ҚР Президенті Архивінің директоры лауазымдарын атқарған.
47 жыл бұрын (1978) - VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал Темірғалиұлы ҚҰСПАН дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы, Жаңғала ауданы, Жаңғала ауылында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (2000).
Еңбек жолы: Қазақ мемлекеттік заң академиясының Орал филиалында оқытушы (2000); Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеу (2000-2006); «БЭМ и К» заң компаниясы» ЖШС директорының орынбасары (2006-2009), Батыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаты (2009-2020), Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының Батыс Қазақстан облысы мәдениет және өнер орталығының заңгері (2020-2021).
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
95 жыл бұрын (1930-2019) ардагер ұстаз, жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Журналистер Одағының бірнеше дүркін лауреаты Әбілфайыз Ыдырысұлы ЫДЫРЫСОВ дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1953-1965 жылдары «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттерінде, Қазақ республикалық радио комитетінде редактор, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 1965 жылдан қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаздық етті. Елімізге еңбегі сіңген журналистер даярлау ісіне сүбелі үлесін қосқан.
«Әуезовке — іңкәрлік», «Біртуарлар болмысы» эсселер жинақтары, «Таңшолпан» роман-хикаясы, «Аңсаған менің әнімсің», «Берік», «Мұхамеди» повестері жарық көрген. Әр жылдары басылып шыққан «Газетті безендіру сыры», «Редактор мен корректорға көмекші құрал», «Фототерім», «Полиграфия өндірісі негіздері» оқулықтары мен оқу құралдары күні бүгінге дейін сұранысқа ие. Медальдармен марапатталған.