23 қаңтар күні таңертең Шыңжаңның Ақсу аймағында 7,1 балдық жер сілкінісі болды

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM — Жер сілкінісі жақын маңдағы аудандарда өте күшті сезілген, Үрімжіде де сезілді. Көптеген үйлер қирады, жараланған адамдар бар.

Жер сілкінісі
Фото: Видеодан алынған кадр

Қытай орталық теледидары мен Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі 23 қаңтар күні сағат 02:09-да Шыңжаңның Ақсу аймағында орналасқан Уши ауданында орын алған, ошақтық тереңдігі - 22 шақырым.

Жер сілкінісі Ақсу, Атуш, Қашқар, Іле, Қорла, Қарамай және басқа жерлерде қатты сезілді.

7,1 балдық жер сілкінісінен кейін көптеген афтер дүмпулер болды. Қытайдың сейсмологиялық желісі таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша магнитудасы 3,0 немесе одан жоғары жалпы 40 афтер сілкінісін тіркеді. 

Айта кетейік, Қытай ақпарат құралдарының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағынан 5 шақырым жердегі орташа биіктік шамамен 3048 метрді құрайды, ал эпицентрден 20 шақырымда халық саны өте сирек.

Соңғы жаңалықтар