23 қаңтарда елордалық оқушылар мен студенттер онлайн форматта оқиды

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
Фото: gov.kz

Ведомство мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар екінші күн қатарынан қашықтан оқиды. Ертең олармен қоса студенттердің де оқуы онлайн форматқа ауыстырылды.

— 2025 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген таратылған ақпаратта.

Осыған дейін хабарланғандай, Шығыс Қазақстан облысында 100-ден аса көлік қар құрсауында қалып қойған.

 

Соңғы жаңалықтар