23 қарашада Қазақстанның 17 облысында тұман түсіп, көктайғақ болады - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» 23 қарашада Астана қаласы мен Қазақстанның 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі
Фото: Pexels

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола облысында жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында түнде жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Тұман түсіп, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ болады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде 15-18 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз облыстың оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың шығысы мен таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері маңында кей уақыттарда 25 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең осы аумақтарда көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз жауын-шашын, негізінен жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні осы аумақтарда 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Таулы асуларда таңертең және күндіз желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Осы аумақтарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың шығысында 15 м/с жетеді.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 22 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескерткен еді.