23 қазан. Жылнама

Kazinform оқырман назарына 23 қазанға арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық ілбіс (қар барысы) күні

Ілбіс мекендейтін елдердің бастамасымен бекітілген. Алғаш рет 2014 жылғы 23 қазанда аталып өткен. 2013 жылғы 23 қазанда Бішкекте өткен Ілбісті сақтау жөніндегі І Бүкіләлемдік форумда Ілбісті сақтау туралы Бішкек декларациясы қабылданды. Оған ілбістің ареалы саналатын 12 ел: Ауғанстан, Бутан, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Непал, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қол қойды.

Кабуки синдромы туралы хабардар ету күні

Бұл күн жапондық педиатр және генетик Норио Ниикава ашқан өте сирек кездесетін, сондықтан аз зерттелген генетикалық ауруға арналған. Ниикава алғаш рет 1969 жылы симптомдардың тән жиынтығын кездестіріп, ғылымға белгісіз, тұқым қуалауы мүмкін ауру түрімен екенін шамалады. Ресми түрде кабуки синдромы (сонымен қатар кабуки гримі синдромы немесе Ниикава-Куроки синдромы ретінде белгілі) 1981 жылы ашылған.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1961 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ермак ауылына қала мәртебесі берілді, ал 1993 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысы негізінде Ақсу қаласы болып өзгертілді.

1995 жылы «Хабар» агенттігі» АҚ ірі ақпараттық медиахолдингінің тарихы басталды. Осы жылы Қазақ телевизиясының ақпараттық қызметінің негізінде заманауи жаңалық құрылымы құрылды. 23 қазандағы Үкімет қаулысымен «Хабар» агенттігі республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды. Агенттіктің бас директоры болып Дариға Назарбаева тағайындалды. «Хабар» командасына жас, жігерлі журналистер жиналды. Бүгінгі таңда «Хабар» Агенттігі» АҚ – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын төрт арнаның тоғысқан орталығы. «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның құрамына республикалық «Хабар» мен «Хабар 24», «Kazakh TV», «ЕЛ АРНА» телеарналары кіреді. Қазақстан бойынша 99% телекөрермен аудиториясын қамтиды.

2013 жылы Шымкенттегі Оңтүстік-Қазақстан облысы тарихи-өлкетану музейінде Төле бидің 350 жылдығына арналған көрме ашылды. Көрмеге Ұлы жүздің төбе биі – Төле би тұсында ел басқарған тұлғалар туралы әңгімелейтін дереккөздер қойылды. Музейде тарихи ескерткіштердің фотогалереясы ашылып, сол дәуірдің қолданбалы өнер туындылары көрсетілді.

2013 жылы Үрімжіде «ҚазАқпарат» АА және ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы халық үкіметінің жетекші және ірі ақпараттық интернет орталығы – «Тяньшаньнет» сайты арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

2014 жылы Әзербайжандағы «Тәхсіл» («Білім беру») баспасында Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, қазақтың көрнекті түркітанушы ғалымы, жазушы, филология ғылымдарының докторы, Күлтегін, Франц Кафка халықаралық сыйлықтарының иегері Немат Келімбетовтің «Оғлыма мәктүбләр» («Ұлыма хат») кітабы жарық көрді. Отанынан алыста оқып жүрген ұлына жазған хат түріндегі шығармасында жазушы тарих, руханият, мораль, тәрбие туралы айтып, адам мінезінің қатпарлары туралы ой өрбітеді.

2015 жылы Бакуде өткен Авиация және әуе кеңістігін пайдалану бойынша мемлекетаралық кеңестің 35-ші сессиясының отырысында азаматтық авиация саласындағы барлық халықаралық және аймақтық серіктестермен ынтымақтасуға белсенділік танытқаны, сонымен қатар бұл саланың елде қарқынды дамып келе жатқаны үшін ҚР Сыртқы істер министрлігі «Азаматтық авиацияны дипломатиялық және халықаралық-құқықтық қолдауы үшін» марапатына ие болды, сондай-ақ халықаралық әуежайларды дамытуға қосқан үлесі үшін «Астана халықаралық әуежайы» АҚ да марапатталды.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода Дүниежүзілік тау-кен конгресінің символы «Майшамды» және Конгресті өткізу құқығының эстафетасын Қазақстанға беру салтанаты болды. «Майшамды» Бразилия тау-кен өнеркәсібі қауымдастығының басшысы Хосе Фернандо Коура Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Саржановқа тапсырды.

2017 жылы Жамбыл облысының тумасы Өмірәлі Нышан паратаэквондодан Лондонда өткен VII әлем чемпионатында екі дүркін әлем чемпионы болды. Сайысқа 57 елдің мүмкіндігі шектелген 270 спортшысы қатысты. Қазақстаннан Тараз, Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларынан төрт спортшы барды.

2018 жылы Алматы қаласы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты қалалар» халықаралық ұйымына қосылды. «Салауатты қалалар» жобасы ДДСҰ Еуропа өңірлік бюросының қолдауымен 20 жылдан бері іске асырылып келеді. Бүгінде 30-дан астам елдің осы жобаға қосылған қалалары, аудандары және елді мекендерінің жалпы саны мыңнан асады. Алматы «Салауатты қала» жобасы іске асырылатын Қазақстандағы алғашқы қала болды. Жоба арқылы қалада тұрғындардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға септігі тиетін жаңа технологиялар енгізіледі.

2018 жылы Грекияның Хакидики қаласында өткен шахматтан The World Youth Chess Championships-2018 атты жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары 4 марапатқа ие болды.

The World Youth Chess Championships – әлемдегі айтулы шахмат додаларының бірі. Оған жыл сайын әлемнің үздік ойыншылары жиналады. Осы чемпионатқа 79 елдің 651 шахматшысы қатысты, соның 8-і – гроссмейстер, 48-і – халықаралық шебер, 157-сі ФИДЕ шебері.

2019 жылы Алматыда алғаш рет №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері үш айлық балаға «Эндоскопиялық ассистенция пайдаланылған құрақ краниотомия» атты бірегей нейрохирургиялық операция жасады. Хирургиялық араласу кезінде бас сүйегінің деформациясын эндоскопиялық түзетудің минималды инвазивті әдісі қолданылды, бұл қан жоғалтудың минималды қаупімен жақсы функционалды нәтиже береді, анестезия мен операциядан кейінгі асқынулардың ұзақтығы да төмендейді, ал ең маңызды фактор – косметикалық әсер.

2020 жылы Түркістанда қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175-жылдығы мен бүкіл әлемге танымал ғалым, ойшыл Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығы құрметіне ескерткіштер орнатылды. Олардың авторы – мүсінші Гүлфия Мелдеш. Абай ескерткіші қалалық Оқушылар сарайының алдында, ал Әбу Нәсір әл-Фараби монументі облыстық драма театрының алдында орнатылған.

2020 жылы Қазақстан Ұлттық банкі номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан «JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарды. Монеталар Қазақ КСР Халық жазушысы, «Қыран дала», «Мен қазақпын», «Жыр туралы», «Сел» және басқа да шығармалардың авторы, қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай шығарылған.

2021 жылы Берлинде қазақтың ұлы ақыны, әлемдік деңгейдегі ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлы ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Ескерткіш авторы – «Әлем халықтарының өнері» халықаралық қауымдастығының лауреаты, мүсінші Болат Мекебаев.

2023 жылы Талдықорған маңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археологиялық экспедициясы Дауылбай қорымында қазба жұмыстарын жүргізіп, ерте темір дәуірінің қорғанын тапты. Далалық зерттеу барысында қорғанның бірнеше рет тоналғаны анықталды. Осыған байланысты Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының археолог мамандары бұл тарихи орынды зерттеуді жөн көрді. Кейбір мамандардың пікірінше, қорған ақсүйектерге тиесілі. Қорған биіктігі – 3,4 м, диаметрі – 40 м. Зерттеу жұмыстары қорғанның орталық бөлігінде жүргізіліп, онда тонаушылар өткен тесік анықталды. Қазба алаңының өлшемі бастапқыда 5х5 м болып, ескерткіш жобасы бойынша кеңейтілген. Тас қабық, әртүрлі құрылымдар, сондай-ақ шашылған тастар мен тақталардың қалдықтары табылды.

2023 жылы пауэрлифтер Давид Дегтярев Азияның параойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына ең жоғары деңгейдегі алғашқы медаль салды. Ол 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 187 келілік штанганы көтерді.

2024 жылы Нью-Йорк қаласындағы Уолл-стритте Республика күнін тойлау үшін Қазақстан туы көтерілді. Салтанатты шараға Нью-Йорк қаласындағы қазақ диаспорасының өкілдері, басқа елдердің дипломаттары, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі мен Бас консулдықтың өкілдері қатысты. Шараға Димаштың АҚШ-та тұратын жанкүйерлері де келді. Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс барлығын Республика күнімен құттықтап, Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

2024 жылы Lonely Planet жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингінде Қазақстанды саяхаттауға ең жақсы елдердің бірі деп атады. Жыл сайын Lonely Planet мамандары саяхатшылардың, қызметкерлердің, авторлардың және басқа туристік мамандардың ұсыныстары негізінде бағыттарды мұқият таңдайды. 2025 жылы таңдау бай тарихымен, алуан түрлі ландшафттарымен және қайталанбас мәдени мұрасым

Соңғы жаңалықтар