23 сәуірде Павлодардың Солнечный кентінде әкім сайлауы өтеді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Осы айдың соңында Павлодар облысына қарасты Солнечный кентінде әкім сайлауы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«3 сәуір сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Солнечный кентінің әкімі лауазымына өзін-өзі ұсыныған 4 кандидаттың үшеуі тіркеді. Олардың барлығы ер адам. Ең үлкен кандидат - 44, ең жас үміткер 36 жаста. Тіркелген барлық кандидаттар 3 сәуір сағат 18:00-ден бастап, 21 сәуір күні сағат 00:00-ге дейін сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге құқылы. Кандидаттарға БАҚ-та өздерінің бағдарламаларымен шығуы үшін: теледидардан - 15 минут, радиодан - 10 минут, мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде 2 мақала жариялауы үшін қаражат бөлінуі қарастырылған», - делінген өңір әкімдігінің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Мәлім болғандай, сайлау 23 сәуір күні Солнечный кентінің аумағында өтеді.

Еске сала кетейік, осы айда Атырау облысына қарасты 2 ауылдық округтің әкімі сайланады.


Соңғы жаңалықтар