23 желтоқсан. Жылнама
Kazinform оқырман назарына 23 желтоқсанға арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1994 жылы Бішкекте Қазақстан Республикасының Елшілігі ресми ашылды.
1994 жылы Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебіне Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.
1995 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың заңдық күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлығы шықты.
2002 жылы Қазақстан мен Қытай арасында тату көршілік қарым-қатынас, достастық және серіктестік туралы Келісімге қол қойылды.
2005 жылы Қазақстанның жерүсті ғарыш инфрақұрылымының бірінші нысаны — «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы (ҒҚО) пайдалануға берілді.
Аумағы 8 гектардан асатын «Ақкөл» ОКҚ рекордтық 9 айда салынды. «Ақкөл» ҰҚК құрылымына ғарыш аппараттарының ұшуын басқару орталығы (ҒБО), командалық-өлшеу жүйелеріне арналған радиоаппаратура, байланыс мониторингі жүйесі (SMS), байланыс және деректерді беру жүйесі кіреді.
2008 жылы «Қазақстан халқының рухани дамыту қоры» АҚ құрылды. Оның негізгі мақсаты — Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдени құндылықтарын дамытуды қолдау және тұрақты бақылау.
2009 жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінің бас кеңсесіне барып, газеттің ұжымын басылымның 90 жылдығымен құттықтады. «Егемен Қазақстан — республикамызда қазақ тілінде шығатын көне газет. Әр жылдары оны Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сияқты танымал тұлғалар басқарған.
2010 жылы Жапонияның Фукуока қаласында Қазақстан Республикасының Жапонияның дамыған өнеркәсіп және ғылыми-техникалық орталықтарының бірі — Кюшю аймағында Құрметті консулдығының ашылу салтанаты болып өтті.
2010 жылы Петропавлда Гуманитарлық колледж ғимаратына Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевқа арналған ескерткіш тақта орнатылды.
2013 жылы Қазақстанда «Кітап мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін» атты жаңа награда бекітілді. Медальді Қазақстанның Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Жазушылар одағы, кітапхана, полиграфшылар, баспагерлер және кітап таратушылар қауымдастығы тағайындады. Алғашқы наградалар Алматы қаласында табысталды.
2014 жылы Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі барысында 2013 жылғы 11 қарашадағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы ҚР мен РФ арасындағы Шартты ратификациялау туралы грамота алмасу туралы хаттамаға қол қойылды.
2015 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Қазақстан — Ұлы дала елі» мультимедиялық қосымшасын шығарды. Бұл қосымшада көптеген суреттер, роликтер, бейнесюжеттер, біздің тарихымыз, мәдениетіміз туралы ақпараттар бар.
2016 жылы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы бірлескен топтық туристік сапарларды жеңілдету бойынша келісімге қол қойды. Бұл құжат 5-тен 50 адамға дейінгі туристік топтар үшін визалық режимді жеңілдетеді. Виза топтағы бір адамға беріледі. Екі елдің туристік билігі Қазақстаннан Иранға жол жүретін туристік топтарын қалыптастыруға жауапты жергілікті туроператорлардың тізімімен бөліседі.
2020 жылы Жапониядағы ең беделді жоғары оқу орындарының бірі — Цукуба университетінде Әбу Насыр әл-Фараби орталығы ашылды. Аталған орталық гуманитарлық, әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары саласындағы бірлескен ғылым-білім жобаларын іске асыру, көрнекті ғалым және философ әл Фарабидің алтын энциклопедиялық мұрасын ілгерілетудің бірегей халықаралық алаңына айналуы тиіс.
2021 жылы орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 KO) әлемдік бокста сирек кездесетін жетістікке қол жеткізді. Ол өз салмағында АВС титулдық ұйымдарының ең мықты15 боксшы рейтингіндегі екінші боксшы болды.
ABC (Бокс комиссияларының қауымдастығы) ұйымдарының әрқайсының орта салмақта топ-15 рейтингіне кіретін екі боксшы ғана бар: олар Хайме Мунгия және Жәнібек Әлімханұлы.
2022 жылы Алматыдағы жаңа алаңда 2022 жылғы қаралы қаңтар оқиғасына арналған «Тағзым» ескерткішінің ашылу рәсімі өтті. Шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен қала әкімі Ерболат Досаев қатысты.
2024 жылы Қазақстанның қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары ұлы ойшыл ғалым Қожа Ахмет Ясауи еңбегінің көшірмесін басып шығарды. Түпнұсқа «Рисала Мират әл-Кулуб» кітабы 12 ғасырда араб қарпімен түркі тілінде жазылған және үш тараудан тұрады. Шығармада әділдік, адалдық, ізгілік сияқты гуманистік құндылықтар сипатталған. Сарапшылар қазір Вашингтондағы Конгресс кітапханасынан табылған қолжазбаның 18 ғасырдағы түпнұсқасынан қаншалықты ерекшеленетінін зерттеп жатыр.
— Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы жазба мұраларды жинауда мұраны іздеудің түрлі әдістерін қолданады. Соның бірі — көне қолжазбалардың, сирек кітаптардың, карталардың электронды нұсқасын интернеттен іздеу. „Шетелдік сайттардан Қазақстан тарихына қатысты маңызды жазба деректердің көшірмелерін тауып, факсимилдік көшірмелерін жасап жатырмыз, — дейді Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының бас сарапшысы Алмат Әбсалықов.