23 жыл түрме: Астанада баланы өлтірген күтуші әйел мен көңілдесі сотталды

Астанада күтуші әйел мен онымен бірге тұратын ер адам баланы ұрып-соғып өлтірген. Екеуі де ұзақ жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала прокуратурасына сілтеме жасап.

бала өлтіру
Фото: ашық дереккөзден

Өткен жылы елордада бала күтуші әйел мен онымен бірге тұратын адам кішкентай балаға физикалық күш қолданып, салдарынан ол көз жұмған.

«Қала прокуратурасының үйлестіруімен шұғыл-тергеу тобы құрылған. Істі жедел әрі объективті тергеу қамтамасыз етілді. Сотта мемлекеттік айыптаушылар аталған тұлғалардың кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтарды ұсынды. Сот үкімімен олар сәйкесінше 17 және 23 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді», - делінген прокуратура мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар