24 ақпан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 24 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Календарь
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

52 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Болат Тұрарұлы НҮСІПОВ дүниеге келді.

Болат Тұрарұлы НҮСІПОВ
Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласында туған. 1993 жылы Қазақ Мемлекеттік әлем тілдері университеті неміс тілі факультетінде, 1995 жылы Венадағы дипломатиялық академияда, 2005 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті Экономика факультетінде білім алған.

Еңбек жолы: 1994 жылы қаңтар айынан бастап ҚР СІМ жүйесінде қызмет атқарды. 1994-1995 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа елдері басқармасының референті, атташесі, үшінші хатшысы. 1995-2002 жылдары ҚР Аустрия Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 2002-2005 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің кеңесшісі, бөлім бастығы. 2005-2010 жылдары ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, Экономика бөлімнің басшысы. 2010-2011 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаменті директорының орынбасары. 2011-2012 жылдары ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, Экономика бөлімнің басшысы. 2012-2014 жылдары ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2014 жылғы шілдеден ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Уақытша-сенімді өкілі. 2014-2019 жылдары ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2019 жылдан қазірге дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры, ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресей, Кавказ және ТМД-ның Еуропалық елдері департаментінің директоры.

2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

51 жыл бұрын (1973) «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Алғаұлы АХМЕДЬЯРОВ дүниеге келді.

 Ғалым Алғаұлы АХМЕДЬЯРОВ
Фото: astanaopera.kz

1995 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, 2001 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының аспирантурасын музыка өнері мамандығы бойынша тәмамдады.

Еібек жолы: 1995–1997 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында ұстаздық етті. 1998-2007 жылдары ҚР Республикалық гвардиясы Президенттік оркестрінде ұлттық аспаптар ансамблінің солисі, жетекшісі, 2007 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінде Өнер басқармасының басшысы болды. 2008-2012 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақ әуендері» АҚ басқарды, 2012-2013 жылдары «Қазақстан музыка қайраткерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі, 2013-2014 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің «Қазақстан рухани даму қоры» АҚ-ның президенті, 2014 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ әуендері» АҚ-ның президенті болды. 2014 жылдың 3 қарашасынан бері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.

2016 жылдың 28 қыркүйегінде «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып тағайындалды.

49 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Алтай Бисенұлы БАЙСҰЛТАНОВ дүниеге келді.

 Алтай Бисенұлы БАЙСҰЛТАНОВ
Фото: kostacademy.edu.kz

Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор ауылында туған.

1996 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды ​​жоғары мектебін бітірген.

Еңбек жолы: 1996-1999 жылдары ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің Қарағанды ​​жоғары мектебінде оқытушы, 1999-2003 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Қарағанды ​​жоғары мектебінің адъюнкті, Атырау облысы Ішкі істер департаменті Оқу орталығының бастығы, 2003-2016 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Ақтөбе заң институтының біліктілікті арттыру факультетінің бастығы, 2016-2018 жылдары Атырау облысы Ішкі істер департаменті Арнайы дайындық басқармасының бастығы, 2018-2019 жылдары Атырау облысы Мемлекеттік полиция департаменті Арнайы дайындық бөлімінің бастығы, 2019-2020 жылдары Атырау облысы ТЖД Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы, 2020-2021 жылдары М.Бөкенбаев атындағы ҚР Ішкі істер министрлігі Ақтөбе заң институты басшысының ынбасары, 2021-2023 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшысы қызметін атқарды.

2023 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

48 жыл бұрын (1976) Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы СҰЛТАНҒАЗИЕВ дүниеге келген.

 Марат Елеусізұлы СҰЛТАНҒАЗИЕВ
Фото: primeminister.kz

Алматы облысында туған. 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді.

Еңбек жолы: 1997-2002 жылдары салық органында маман, салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің басқарма бастығы лауазымдарында қызмет етті, 2002-2006 жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің бастығы, 2006-2007 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық апелляциясы, түсіндіру және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, 2007-2008 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық аудиті басқармасының бастығы, 2008-2010 жылдары Алматы қаласы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары, 2010-2011 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық және кеден саясаты талдау және болжамдау департаментінің директоры, 2011-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамалары мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжамдау департаментінің директоры, 2012-2013 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, 2013-2014 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, 2014-2017 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, 2017-2018 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, 2021-2022 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы, ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

48 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Сейдахметұлы ҚҰТТЫҚАДАМ дүниеге келді.

Асқар Сейдахметұлы ҚҰТТЫҚАДАМ
Фото: ҚР Сингапурдағы, Австралия Одағы мен Жаңа Зеландиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1998 жылы ҚР СІМ екіжақты ынтымақтастық департаменті Еуропа және Америка басқармасының референті, 1999-2001 жылдары ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші хатшы, 2001-2004 жылдары Қазақстанның Литвадағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы, 2004-2005 жылдары Еуропа және Америка департаментінде және Ақпараттық-талдау жұмысы және болжамды бағалау департаментінде бірінші хатшы, 2005-2007 жылдары ҚР СІМ Ақпараттық-талдау жұмысы және болжамды бағалау департаментінің бөлім бастығы, Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің кеңесшісі, 2007-2009 жылдары ҚР ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесшісі, 2010-2011 жылдары ҚР СІМ ЕҚЫҰ департаментінің басқарма бастығы, директорының орынбасары, 2011-2012 жылдары ҚР СІМ Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, 2012-2013 жылдары Қазақстанның Канададағы елшілігінің кеңесші-уәкілі, 2014-2015 жылдары ҚР Малайзиядағы Елшілігінің кеңесшісі, 2016-2018 жылдары ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжау департаменті директорының орынбасары, 2018-2019 жылдары Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің кеңесшісі, 2018-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

37 жыл бұрын (1987) ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Нұрланұлы ШАЙМАРДАНОВ дүниеге келді.

Жандос Нұрланұлы ШАЙМАРДАНОВ
Фото: akorda.kz

Шығыс Қазақстан облысында туған. 2009 жылы «Болашақ» стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2009-2010 жылдары Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы, 2010-2013 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ менеджері, 2013-2014 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, 2014-2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, 2016-2019 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департамент директоры, басқарушы директоры, 2019-2020 жылдары «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы, 2020-2022 жылдары ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар