24 ақпан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 24 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР

59 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Асаниязұлы САРЖАНОВ дүниеге келді.

Қайрат Асаниязұлы САРЖАНОВ
Фото: Gov.kz

Алматы облысында туған. 1992 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін, 1995 жылы халықаралық құқық мамандығы бойынша Ресей Федерациясының Дипломатиялық академиясын бітірген.

Дипломатиялық қызметін 1995 жылы ҚР СІМ Халықаралық қауіпсіздік және қару-жарақты бақылау басқармасының атташесі лауазымынан бастаған. 1996-2002 жылдары Көпжақты ынтымақтастық департаментінде тиісті лауазымдарда жұмыс істеді. Кейін Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде бірінші хатшы және кеңесші, Қазақстанның Чехиядағы (Словакиядағы) Елшілігінде кеңесші және кеңесші-уәкіл лауазымдарын атқарды. 2011-2016 жылдары ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің директоры, 2016-2021 жылдары Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі, Аргентина және Чилидегі Елшісі қызметін қоса атқарушы болып қызмет атқарған. 2021-2022 жылдары ҚР СІМ Халықаралық қауіпсіздік департаментінің директоры қызметінде болды.

Қазіргі лауазымын 2022 жылдан бері атқарып келеді.

2023-2024 жылдары Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі, Мальта ордендеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.

I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

55 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Болат Тұрарұлы НҮСІПОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1993 жылы Қазақ Мемлекеттік әлем тілдері университеті неміс тілі факультетінде, 1995 жылы Венадағы дипломатиялық академияда, 2005 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті Экономика факультетінде білім алған.

Еңбек жолы: 1994 жылы қаңтар айынан бастап ҚР СІМ жүйесінде қызмет атқарды. 1994-1995 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа елдері басқармасының референті, атташесі, үшінші хатшысы. 1995-2002 жылдары ҚР Аустрия Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 2002-2005 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің кеңесшісі, бөлім бастығы. 2005-2010 жылдары ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, Экономика бөлімнің басшысы. 2010-2011 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаменті директорының орынбасары. 2011-2012 жылдары ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, Экономика бөлімнің басшысы. 2012-2014 жылдары ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2014 жылғы шілдеден ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Уақытша-сенімді өкілі. 2014-2019 жылдары ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2019 жылдан қазірге дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры, ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресей, Кавказ және ТМД-ның Еуропалық елдері департаментінің директоры.

2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

53 жыл бұрын (1973) К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Ғалым Алғаұлы АХМЕДЬЯРОВ дүниеге келді.

Ғалым Ахмедьяров
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

1995 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, 2001 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының аспирантурасын музыка өнері мамандығы бойынша тәмамдады.

Еібек жолы: 1995-1997 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында ұстаздық етті. 1998-2007 жылдары ҚР Республикалық гвардиясы Президенттік оркестрінде ұлттық аспаптар ансамблінің солисі, жетекшісі, 2007 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінде Өнер басқармасының басшысы болды. 2008-2012 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақ әуендері» АҚ басқарды, 2012-2013 жылдары «Қазақстан музыка қайраткерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі, 2013-2014 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің «Қазақстан рухани даму қоры» АҚ-ның президенті, 2014 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ әуендері» АҚ-ның президенті болды. 2014-2016 жылдары ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі, 2016-2025 жылдары «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып қызмет атқарған.

Қазіргі лауазымын 2025 жылдың наурызынан бері атқарып келеді.

53 жыл бұрын (1973) «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Жұманұлы ҚУАНЫШЕВ дүниеге келді.

Талғат Жұманұлы ҚУАНЫШЕВ
Фото: facebook.com/fortebank

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономист» мамандығы бойынша бітірген (1994); Астон бизнес мектебі, Іскерлік басқару магистрі (2006).

Еңбек жолы: 1994-1995 жылдары «Игілік-Банк» валюталық операциялар және халықаралық есеп айырысу бөлімінде бас маман, корреспонденттік шоттардың халықаралық есеп айырысу бөлімінің жетекші маманы, 1995-1996 жылдары «Маркан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиал меңгерушісі, 1996 жылы «Тұранбанк» АҚ пассивті операциялар департаменті бағалы қағаздар бөлімінің жетекші экономисі, «Тұранбанк» АҚ пассивті операциялар департаменті корпоративтік бағалы қағаздар бөлімінің жетекші экономисі, 1996-1997 жылдары «Альфа Банк» АҚ диллинг және бағалы қағаздар бөлімінің қызметкері, 1997 жылы «Тұран-Әлем Банкі» ЖАҚ бағалы қағаздар және бағалы металдар басқармасының бастығы, бағалы қағаздар және бағалы металдар басқармасының бастығы, бағалы металдар және вексель операциялары басқармасының бастығы, 1997-2006 жылдары Келісім-шарт бойынша инвестициялық операциялар департаментінің вексель айналымы бөлімінің бастығы, келісім-шарт бойынша коммерциялық департаменттің вексель айналымы бөлімінің бастығы, коммерциялық департамент директорының орынбасары — шарт бойынша вексель айналымы бөлімінің бастығы, м. а. Коммерциялық департаменттің директоры, келісім-шарт бойынша, Коммерциялық департаменттің директоры, келісім-шарт бойынша, Басқарма төрағасының қызметі Басқарма төрағасының кеңесшісі, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, м. а. Алматы сауда-қаржы банкінің басқарма төрағасы, 2006-2007 жылдары «АТФБанк» АҚ басқарма төрағасы, 2008-2009 жылдары Президенттің кеңесшісі, «АТФ Лизинг» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, 2013-2015 жылдары «Альянс Банк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі, 2015 жылы «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, 2015-2016 жылдары «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы болып қызмет атқарған.

Қазіргі қызметінде 2024 жылдың қарашасынан бері.

50 жыл бұрын (1976) Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы СҰЛТАНҒАЗИЕВ дүниеге келген.

Марат Елеусізұлы СҰЛТАНҒАЗИЕВ
Фото: primeminister.kz

Алматы облысында туған. 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді.

Еңбек жолы: 1997-2002 жылдары салық органында маман, салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің басқарма бастығы лауазымдарында қызмет етті, 2002-2006 жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің бастығы, 2006-2007 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық апелляциясы, түсіндіру және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, 2007-2008 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық аудиті басқармасының бастығы, 2008-2010 жылдары Алматы қаласы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары, 2010-2011 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық және кеден саясаты талдау және болжамдау департаментінің директоры, 2011-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамалары мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжамдау департаментінің директоры, 2012-2013 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, 2013-2014 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, 2014-2017 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, 2017-2018 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, 2021-2022 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы, ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

50 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы, Аустралия Одағы мен Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Сейдахметұлы ҚҰТТЫҚАДАМ дүниеге келді.

Асқар Сейдахметұлы ҚҰТТЫҚАДАМ
Фото: Akorda

Шымкент қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1998 жылы ҚР СІМ екіжақты ынтымақтастық департаменті Еуропа және Америка басқармасының референті, 1999-2001 жылдары ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші хатшы, 2001-2004 жылдары Қазақстанның Литвадағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы, 2004-2005 жылдары Еуропа және Америка департаментінде және Ақпараттық-талдау жұмысы және болжамды бағалау департаментінде бірінші хатшы, 2005-2007 жылдары ҚР СІМ Ақпараттық-талдау жұмысы және болжамды бағалау департаментінің бөлім бастығы, Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің кеңесшісі, 2007-2009 жылдары ҚР ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесшісі, 2010-2011 жылдары ҚР СІМ ЕҚЫҰ департаментінің басқарма бастығы, директорының орынбасары, 2011-2012 жылдары ҚР СІМ Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, 2012-2013 жылдары Қазақстанның Канададағы елшілігінің кеңесші-уәкілі, 2014-2015 жылдары ҚР Малайзиядағы Елшілігінің кеңесшісі, 2016-2018 жылдары ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжау департаменті директорының орынбасары, 2018-2019 жылдары Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің кеңесшісі, 2018-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылдан бастап — Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2023 жылдан бастап — Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы, Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2023 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

43 жыл бұрын (1983) Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Васильевич СКЛЯР дүниеге келді.

Василий Васильевич СКЛЯР
Фото: ҚР ІІМ

Павлодар облысы Павлодар қаласында туған. 2006 жылы Б. С. Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтын, 2012 жылы Б. С. Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясын бітірді.

Еңбек жолы: 2002-2005 жылдары Павлодар қаласы ІІБ учаскелік полиция инспекторы, 2005-2010 жылдары Павлодар қаласы Солтүстік ІІБ КПБ тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу тобының жедел уәкілі, 2010-2012 жылдары Павлодар облысы Павлодар ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, 2012-2016 жылдары ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің Жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашуды ұйымдастыру басқармасы өткен жылдардағы кісі өлтіруді ашуды ұйымдастыру бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, 2016-2017 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы ІІД КПБ бастығының орынбасары, 2017-2019 жылдары Павлодар облысы Ақсу қаласы ІІБ бастығы, 2019-2022 жылдары Павлодар облысы Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.

Қазіргі лауазымын 2022 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

39 жыл бұрын (1987) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Нұрланұлы ШАЙМАРДАНОВ дүниеге келді.

Жандос Нұрланұлы ШАЙМАРДАНОВ
Фото: primeminister.kz

Шығыс Қазақстан облысында туған. 2009 жылы «Болашақ» стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2009-2010 жылдары Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы, 2010-2013 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ менеджері, 2013-2014 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, 2014-2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, 2016-2019 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департамент директоры, басқарушы директоры, 2019-2020 жылдары «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы, 2020-2022 жылдары ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры, 2022-2023 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы, 2023-2025 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, 2025 жылы — ҚР Ұлттық экономика вице-министрі лауазымын атқарған.

2025 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

38 жыл бұрын (1988) Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, қазақстандық боксшы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Алексеевич ЛЕВИТ дүниеге келді.

Василий Алексеевич ЛЕВИТ
Фото: Gov.kz

Қостанай облысында туған. Челябі мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Кадрлардың дене шынықтыру департаментінің бастығы (2022-2024).

Спорттық жетістіктері: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы тұңғыш Азияның үш дүркін чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум