24 ақпан. Жылнама

28 октября. Календарь Казинформа «Дни рождения»
Фото: Kazinform

Kazinform оқырман назарына 24 ақпанға арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1917 жылы Торғай даласында атақты Доғал шайқасы болды. Бұл Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысындағы ең ірі шайқас саналады. Шайқаста Амангелдімен қатар, оның жауынгер серіктері Ыбырай Атамбеков, Кейкі Көкімов ерекше ерлік көрсетті.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрына Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Ғабит Мүсіреповтің есімін беру туралы шешім қабылдады.

1992 жылы «Қазақкино» мемлекеттік концерні құрылды. Ораз Рымжанов концерннің басқарма төрағасы болып сайланды.

2011 жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығының қорытындысына арналған баяндама жарияланды. Онда америкалық ғалымдардың пікірі жазылды.

2012 жылы Астанада Қазақстанның қысқы арнайы олимпиадасы (Special Olympics) басталды. Оған Қазақстан, Австрия, Ресей және Өзбекстанның 320 мүмкіндігі шектеулі спортшысы қатысты. Ашылу салтанаты «Алау» мұз айдыны сарайында өтті.

2014 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы жариялаған Туризм жылы аясында достастық елдерінің ең көрікті жерлерінің тізімі жарық көрді. «Достастық інжулері» тізіміне Астанадағы Дөңгелек алаң (Қазақстан), Бакудегі теңіз жағалауы желегі (Әзербайжан), Хор Вирап монастрі (Армения), Брест қорғаны (Беларусь), Ыстықкөл көлі (Қырғызстан), Ескі Орхей қорығы (Молдова), Петергоф сарай-саябақ ансамблі мен Сочи қаласы (Ресей), Фан таулары (Тәжікстан), Ашхабад (Түркіменстан) және Самарқандағы Гур-Әмір (Өзбекстан) кірген.

2016 жылы BBC-2 телеарнасының Top Gear Мэтт танымал бағдарламасының жаңа жүргізушілері Леблан мен Крис Эванс Қазақстанды автоәуесқойлар үшін бағдарлама эпизоды түсіретін орындар тізіміне қосты.

2017 жылы әлемдегі ең инновациялық қалалар («Innovation Cities») тізімінде Алматы «Emergina Markets» (дамушы нарықтар) аталымы бойынша рейтингте 15-орыннан көрінді.

2019 жылы Алматылық бағдарламашы Елнұр Сейітжанов еңбек нарығына жас мамандарды даярлайтын «Decode» алғашқы IT-мектебін ашты. «Decode» бағдарламалау курстарының негізгі бағыты – React, Redux, NodeJS, Python және базалық қажетті HTML, CSS секілді жаңа және сұранысқа ие технологиялар мен тілдерде Web-әзірлеушілерді даярлау.

2020 жылы Қазақстанның бірінші ракеткасы 20 жасар Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингінде Қазақстанның жаңа рекордын ресми түрде орнатты.

2022 жылы Грузияның Боржоми қаласында Самцхе-Джавахети және Имерети консулдық округтерін қамтитын Қазақстан Республикасының Құрметті консулы кеңсесінің ашылу рәсімі өтті. Грузияның экономикалық, мәдени, туристік ерекшелігімен әйгілі аймақтарының бірінде Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылуы екі елдің дәстүрлі достық пен өзара сенім рухындағы ынтымақтастығының дамуын айғақтайды. Тәуелсіздік жылдары ішінде екі мемлекет қарым-қатынастардың қалыптасу кезеңін сәтті еңсеріп, уағдаластықтарды практикалық мазмұнмен және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын іздестірумен толықтыра отырып, жаңа сапалы деңгейге шықты.

2022 жылы Қарағанды техникалық университетінің магистранты Марғұлан Нұртай медицина қызметкерлері үшін арнайы бағдарлама жасады. Бұл өкпенің рентгенін автоматты түрде талдауға және сұрыптауға мүмкіндік береді. «Оңтайландыру және градиентті түсіру әдісі (қатені кері тарату) арқылы мен нейрондық желіге суреттерді талдауды үйреттім. Нәтижесінде менің жіктеуішімді белгілі аурулардың төрт класына бейімдеуге мүмкіндік туды», дейді магистрант. Әзірлемені енгізу дәрігерлерге жүктемені айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл дәрігерлерге егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін пациенттердің суреттерін жіберуге көмектеседі. Дені сау адамдардың суреттерін дәрігерлердің қатысуынсыз автоматты түрде өңдеуге болады.

2023 жылы Астанада Сұлтан Бейбарыс көшесінің салтанатты ашылуы болды. Осыдан 800 жыл бұрын, ХІІІ ғасырда Бейбарыс тұтқынға түсіп, Ежелгі Мысыр жеріне жер аударылған, онда ол елді бұрын-соңды болмаған өркендеуге жеткізе алды.

Бейбарыс Сұлтан – қазақ халқының ұлы тұлғасы. Қазақ даласының тумасы өзге мемлекеттің гүлденуіне үлес қосып, туған жеріне оралды. 

Соңғы жаңалықтар