24 қаңтарда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 24 қаңтар күні өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

24 қаңтарда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Фото: Kazinform/ Midjourney

АСТАНА

11:00-де Үкімет үйінде «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

11:00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақ саясаты: тәжірибе және келешек» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Digital Almaty 2025: Индустриялық жасанды интеллект: жаңа дәуір технологиялары» халықаралық цифрлық форумы» жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.

Бұған дейін 23 қаңтарда елімізде өткен маңызды іс-шаралар аңдатпасын жариялаған едік.

Соңғы жаңалықтар