24 қазан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 24 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
57 жыл бұрын (1968) ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы СӘДЕНОВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. 1993 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды жоғары мектебін бітірген.
Еңбек жолы: Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап орта және аға басқарушы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол. Әр жылдары Риддер, Өскемен қалалары полиция басқармаларының, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, Маңғыстау облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ Жедел департамент бастығы, Көліктегі Полиция департаментінің бастығы болып қызмет етті. 2016 жылғы маусымнан бастап ҚР Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарды. 2019-2022 жылдары Астана қаласы полиция департаментінің басшысы қызметін атқарып, 2022 жылы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде, 2024 жылдың ақпанында қайта тағайындалған.
ІІ дәрежелі «Айбын» ордені, «Қазақстан Республикасына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.
48 жыл бұрын (1977) Қарағанды облысы Теміртау қаласының прокуроры Арман Найманбайұлы ОМАРОВ дүниеге келді.

Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы облысы прокуратурасының Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
Әр жылдары Алматы облысы прокуратурасының азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот қаулылары мен атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, облыс прокурорының атқарушылық іс жүргізу жөніндегі көмекшісі, Талдықорған қаласы прокурорының көмекшісі, Талдықорған қаласы прокуратурасының соттарда қылмыстық істерді қараудың заңдылығын қадағалау бөлімінің басшысы, Алматы облысы прокуратурасының мемлекет мүдделерін білдіру жөніндегі басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Алматы облысы Райымбек ауданының прокуроры болып қызмет етті, ал 2016-2022 жылдары Алматы облысы Ұйғыр ауданының прокуратурасын басқарды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.
39 жыл бұрын (1986) Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Санжар Серікбайұлы ЖАРКЕШОВ дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. 1995 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін қаржы мамандығы бойынша, 2010 жылы Остин қаласындағы Техас университетін (АҚШ) мұнай-газ инжинирингі мамандығы бойынша тәмамадаған.
Еңбек жолы: 2008-2010 жылдары Остин қаласында мұнай және геожүйе инжиниринг орталығында ғылыми қызметкер, Калифорния, Колорадо және Техас штаттары (АҚШ) бойынша бұрғылау инженері болды. 2010-2016 жылдары Иракта бұрғылау бойынша аға инженер, Сахалин аралдарында бұрғылау бойынша бас инженер, Атырауда ExxonMobile корпорациясының аға жобалаушы инженері қызметтерін атқарды.
2016-2018 жылдары Кәсіптік супервайзер бастығы, Шотландияның перт қаласында Merlin ERD компаниясында бұрғылаудың жетекші инженері болды. 2018-2019 жылдары McKinsey and Company компаниясының мұнай саласындағы жаһандық сарапшысы, 2019-2020 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, 2020-2022 жылдары Украина «Нафтогаз» ҰАҚ кен орындарын барлау және өңдеу блогының басшысы қызметін атқарды. 2022-2025 жылдары QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болды.
2025 жылдың тамыз айынан бері қазіргі қызметінде.
39 жыл бұрын (1986) Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Серікбайұлы ЖАРКЕШОВ дүниеге келген.

Ұлытау облысының тумасы. Бирмингем университетін (Ұлыбритания) (басқару, менеджмент, мемлекеттік саясат саласында ғылым бакалавры), Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін (қаржы бакалавры), Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы жоғары мемлекеттік саясат мектебін (мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі), Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы жоғары мемлекеттік басқару мектебін (мемлекеттік басқару магистрі) бітірген.
Еңбек жолы: 2008 жылы ҚР Президентінің Әкімшілігінде тағылымдамадан өтуші, ҚР Президенті Кеңсесі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысының бөлімінде тағылымдамадан өтуші болды.
2010-2011 жылдары Сингапур Ұлттық университеті Ли Куан Ю атындағы жоғары мемлекеттік саясат мектебінің зерттеуші-ассистенті, 2011-2012 жылдары ҚР Экономикалық даму министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ бас сарапшысы, 2012-2014 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ғылыми-зерттеу институты директоры орынбасарының, директорының м.а., директоры қызметін атқарды.
2014-2017 жылдары Қазақстанда БҰҰ даму бағдарламасы жобаларының ұлттық консультанты, жоба басшысы, портфель басшысы лауазымын атқарды. 2017-2019 жылдары «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директоры, бас директоры, басқарушы әріптесі (жеке қазақстандық консалтингілік компаниясы) қызметін атқарды. 2019-2021 жылдары Еуразия елдері, Whiteshield Partners бойынша халықаралық консалтингтік компанияның директоры, 2021-2024 жылдары Сеул қ., Мемлекеттік басқарудың Азиялық қауымдастығы директорлары кеңесінің мүшесі (қашықтықтан), 2022-2023 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ директорлары кеңесінің мүшесі болды. 2022-2024 жылдары «Management» АҚ жеке компаниясының, «Полистройгрупп» ЖШС басқарушы директорының лауазымын атқарды. 2024 жылы Парламенті Сенат төрағасының кеңесшісі болды.
Қазіргі лауазымын 2024 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді.