24 қазанда еліміздің қай автожолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстанның автожолдарындағы ахуал туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

дорога, трасса, автомобиль, жол, көлік
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

24 қазан күні сағат 08:00–дегі жағдай бойынша, аталған жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілген.

Шығыс Қазақстан облысы

Қолайсыз ауа райына (қар жауып, көктайғақтың пайда болуына) байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде жазғы шиналармен жабдықталған көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді:

— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1089-1191-шақырым аралығы (Өскемен қаласы — Шемонаиха қаласы);

— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1194-1212-шақырым аралығы (Шемонаиха қаласы — РФ шекарасы).

Сонымен қатар келесі автожол учаскесінде жүк көліктері мен жазғы шиналармен жабдықталған автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды:

— «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 7-166-шақырым аралығы (Ушаново ауылы — Алтай қаласы).

Солтүстік Қазақстан облысы

Көпірді жөндеуге байланысты KAZ 13 «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 875-шақырымында (Покровский көпірі маңында) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Қосымша бағыттар:
— KZ15-04 «Рощинское — Корнеевка — Волошинка» автожолы, 46-86,87-шақырымдар;
— KZ15-05 «Волошинка — Сергеевка — Тимирязево» автожолы, 0-56-шақырымдар;
— KAZ-13 «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолы, 876-946-шақырымдар;
— КТ-29 «Покровка — Корнеевка — Горное» автожолы, 34-0-шақырымдар.

Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО мен Қарағанды облысындағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылғаны хабарланған болатын.