24 маусым. Тұлғалар туған күн

туған күн
Фото: Kazinform

Бүгін, 24 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

84 жыл бұрын (1940) ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Сейіт Асқарұлы ҚАСҚАБАСОВ дүниеге келді.

 КАСКАБАСОВ Сеит Аскарович
Фото: facebook.com/НАБ РК

Шығыс Қазақстан облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Әдебиет жөне өнер институтының ғылыми қызметкері, Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғылыми хатшысы, СССР Ғылым академиясы Әлем әдебиеті институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының қызметкері, Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Жоғары аттестация комиссиясының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ фольклорының теориясы мен тарихына, әдебиет пен өнер мәселелеріне, этнография мен ауыз әдебиеті мұраларының текстологиясына арналған. Қасқабасовтың мифология мен прозалық фольклордың шығу тегі мен даму жолдары, фольклордағы әр заман болмысының сипатталу ерекшеліктері, фольклордың көркемдік әдісі туралы теориялық ой-пікірлері мен тұжырымдары өзбек, татар, түрікмен, карақалпақ, башқұрт ғалымдарының зерттеулерінде қолдау тауып, негізге алынды. В.Радлов жинаған қазақ фольклоры үлгілері мен ақын-жыраулар шығармалары енген «Алтын сандық», «Ел қазынасы - ескі сөз» жинақтарын құрастырушылардың бірі. Жамбылдың орыс тіліндегі таңдамалы жинағының алғы сөзі мен түсініктерін жазып, құрастырған. 300-ден аса еңбектің, соның ішінде фольклор, әдебиет пен өнер бойынша 9 монографияның авторы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының, Жамбыл атындағы, Махамбет атындағы сыйлықтардың лауреаты.

60 жыл бұрын (1964) Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бейсембай Қуанышұлы ЖҰМАБЕКОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысы Нұра ауданының Шахтер ауылында туған. 1993 жылы Е.А Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

2005 жылдың маусымынан бері «Нұр Отан» ХДП және «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мүшесі. 1993 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Қарағанды қалалық әкімдігі аппаратында мемлекеттік инспектор, Қарағанды облыстық Үйлестіру кеңесі хатшылығының меңгерушісі, Қарағанды облыстық ішкі саясат департаментінің бастығы болып еңбек етті. Ол 2007 жылы IV шақырылымдағы Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы қызметіне, ал 2012 жылы V шақырылымдағы Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы лауазымына сайланды. 2013 жылдың мамыр айынан 2014 жылдың маусым айына дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. 2015-2017 жылдары «Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы кітапханасы» ММ атқарушы директоры, 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық төсбелгілермен марапатталған.

58 жыл бұрын (1966) ҚЗО ПП Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Болат Жолтайұлы НҰРХОЖАЕВ дүниеге келді.

НУРХОЖАЕВ Болат Жолтаевич
Фото: atameken.kz

1986 жылы Қызылорда политехникалық институтының өнеркәсіп және азаматтық құрылыс факультетін бітірген.

Еңбек жолы: 1986-1987 жылдары «Қызылордаводстрой» ПМК-13 ағаш ұстасы, 1987-1995 жылдары Арал көтергіш-көлік жабдықтары зауытының бригадирі, 1995-2019 жылдары «Аспан Групп» жеке кәсіпкер, 2019 жылы ҚЗО ПП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы, 2019-2024 жылдары Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі.

2024 жылдан бері қазіргі қызметінде.

43 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Кадрлар және тәрбие жұмысы департаментінің директоры Серік Тұрсынәліұлы ЖҮНІСБЕКОВ дүниеге келді.

ДЖУНИСБЕКОВ Серик Турсыналиевич
Фото: instagram.com/prokadrykz

Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде магистратура бітірді.

Еңбек жолы: 2002-2003 жылдары Жамбыл облысы ІІД 2-ПБ (ішкі істер басқармасы ретінде) тергеу бөлімінің тергеушісі, 2003-2005 жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қатысты қылмыстарды ашу бөлімінің тергеушісі, Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі, 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының күндізгі аспирантурасының адъюнктурасы, 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ғылыми-зерттеу институты мен Академиясының ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және діни экстремизмге қарсы күрестің өзекті мәселелерін әзірлеу зертханасының ғылыми қызметкері, 2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ғылыми-зерттеу институты мен Академиясы ішкі істер органдарындағы жедел-іздестіру қызметінің мәселелері бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ғылыми-зерттеу институты мен Академиясының ішкі істер органдарындағы жедел-іздестіру қызметінің мәселелері жөніндегі бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ғылыми-зерттеу институты мен Академиясының ішкі істер органдарындағы жедел-іздестіру қызметінің мәселелері жөніндегі бөлім бастығы, 2010-2012 жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Бас басқарма бастығының орынбасары, 2012 жылы Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, 2012-2013 жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы (штаттық кестенің өзгеруіне байланысты), 2013-2018 жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, 2018-2019 жылдары Жамбыл облысының полиция департаменті бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы Академиясы бастығының орынбасары, 2019-2021 жылдары Алматы облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2021-2022 жылдары ШҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары, ШҚО ІІД бастығы, ШҚО коменданты, 2022-2023 жылдары ШҚО ІІД бастығы, 2023-2024 жылдары Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясының бастығы болды.

2024 жылдың ақпан айынан бері қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар
telegram