24 НАУРЫЗ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 24 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

24 НАУРЫЗ, ДҮЙСЕНБІ Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен неміс микробиологы Роберт Кох туберкулез таяқшаларын ашқан күнінің (1882) құрметіне орай атап өтіледі. 1998 жылғы қарашаның 16-сына Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы шықты. Онда туберкулезбен күрестің негізгі шаралары анықталып берілді. Қазақ Ұлттық медицина университеті Т.Ә. Момыновтың басшылығымен Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) қолдауымен туберкулезбен күрес жөніндегі халықаралық бағдарламаны орындап отыр. Бағдарламаға Люксембург денсаулық сақтау министрлігі, Швецияның Корольдік академиясы, Токионың медицина мектебі, Гамбургтегі Медициналық білім академиясы сияқты шетелдік ұйымдар тартылды. Қазақстанда жыл сайын 20-27 мың адам туберкулезге шалдығады. 4-6 мың адам қайтыс болып, 3 мыңы мүгедектікке шығады. НАТО-ның Югославияға қарсы агрессиясы барысында құрбан болғандар мен жапа шеккендерді еске алу күні. 7 жыл бұрын (1999) НАТО-ның Югославияға әскери операциялары басталды. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 16 жыл бұрын (1998) Италияның астанасы Римде «Қазақстанмен танысу» тақырыбында конференция өтті. 14 жыл бұрын (2000) Қызылорда облысының Жаңа Қазалы қаласына Әйтеке би есімі берілді. 9 жыл бұрын (2005) Алматыда «Жаңалықтар уақыты - 2004» атты бірінші республикалық ақпараттық бағдарламалар бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды. Бұл шараның мақсаты - ақпараттық хабарлардың сапалық деңгейін жоғарылатуға ықпал ету, шығармашылық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру. Байқауға Телерадио хабарларын тарату ұлттық қауымдастығы мүшелері 25 телерадио компаниясы қатысты. Ең үздік репортаж аталымын - Шымкент қалалық «Отырар» телеарнасы, ең үздік тележүргізушілер аталымын - Алматыдағы «Таң» теларнасы, ең үздік ақпараттық ұжым және ақпараттық бағдарламадағы арнайы репортаж аталымын - Қызылорда қалалық телерадио компаниясы, ең үздік дизайн және әрлеу аталымын - Астана қалалық РТВ арнасы, ең үздік апталық сараптамалық бағдарлама аталымын - Алматыдағы 31-арнаның «Состояние kz.» бағдарламасы, ал радиодағы ең үздік күнделікті ақпараттық бағдарлама аталымын - Қарағанды қаласының «Қарағанды NS радиосы» жеңіп алды. 9 жыл бұрын (2005) Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл кентінде жаңа аудандық емхана жанынан мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыру орталығы ашылды. Бұл облыстағы тірек-қозғағыш аппаратынан азап шегетін ересек тұрғындарды сауықтыратын алғашқы орталық. 8 жыл бұрын (2006) Алматыда MediaNet Халықаралық журналистика орталығы «Қазақстандағы тәжірибелік журналистика» деп аталатын жаңа кітаптың тұсаукесерін өткізді. Оқулыққа - телевизия, газет, журнал және ақпарат агенттіктерінің журналистері мен редакторларынан 18 автордың еңбегі топтастырылған. 5 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Финляндияның Ақ Раушаны» және «Финляндия Арыстаны» ордендерімен марапатталды. Бұл жоғарғы марапат Қазақстан басшысына екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға және халықаралық қауіпсіздікті сақтауға қосқан зор үлесі үшін табыс етілді. ЕСІМДЕР 106 жыл бұрын (1905-1981) қазақстан геологы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері КУШЕВ Георгий Леонтьевич дүниеге келді. Ресей Федерациясында туған. Санкт-Петербор тау-кен институтын бітірген. Қарағанды геологиялық басқармасы геологиялық тобының басшысы, қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық унисервитетінің профессоры, кафедра меңгерушісі, Қазақстан Ғылым Академиясы Геологиялық ғылымдар институты секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Еңбектері негізінен Орталық және Солтүстік-шығыс Қазақстанның көмір кендерін зерттеуге бағытталған. Қарағанды көмір бассейнінің геологиялық картасын жасаған. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 96 жыл бұрын (1918-1977) медицина ғылымының докторы, профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері МАМАНОВА Халида Есенқұлқызы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Алматы мемлекеттік институтын, КСРО Ғылым академиясы Физиология институтының аспирантурасын бітірген. 1954-1959 жылдары - Қарағанды медицина институтының ассистенті. 1959-1977 жылдары Ақтөбе медицина институтының кафедра меңгерушісі болған. 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы. «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 83 жыл бұрын (1931) түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Түрік тілі» ұйымының құрметті мүшесі, Ресей Ғылым академиясының Тіл зерттеу институты орал-алтай тілдері бөлімінің ғылыми қызметкері, Ресей Федерациясының ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Қырғыз Республикасының Халыққа білім беру ісінің үздігі, Әбдел Әзиз Сауд әл-Бабтина жүлдесінің иегері, Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінің құрметті профессоры, Мәскеу аймақтық ұлттық мәдени автономиясының құрметті президенті, Мәскеулік «Қазақ тілі» қоғамының құрметті төрағасы МҰСАЕВ Кеңесбай Мұсаұлы дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында туған. Түркістан педагогикалық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Республиекасы Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген. Қарайым тілінің фонетикасы мен морфологиясын қамтыған еңбегі «Қарайым тілінің грамматикасы» деген атпен жарық көрген. Онда Литва мен Украинада тұратын қарайымдардың тілдері туралы деректер жинап, тракай, галиция диалектілері жайында жазған. Ол қыпшақ тобындағы тілдерді салыстырмалы-тарихи тұрғыда қарастырып, әліпби, лексика және орфография мәселелерін зерттеумен айналысуда. «Грамматика караимского языка: фонетика и морфология», «Лексика тюркских языков в сравнительном освещении», «Лексикология тюркских языков», «Языки и письменность народов Евразии»атты еңбектері жарық көрген. «Парасат» орденімен КСРО-ның, Қазақстанның, Ресейдің медальдарымен, КСРО Ғылым академиясының Құрмет грамотасымен марапатталған. 71 жыл бұрын (1943) ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы І.Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Б.Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері, Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бірінші жүлдегері НИЯЗБЕКОВ Рафаэль дүниеге келді. Жамбыл облысының Талас ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Талас аудандық «Ленин жолы» газетінен бастаған. «Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында редактор болып істеген. Ақынның «Келер күндер», «Қаратау мен Алатау», «Темірқазық», «Жалын кешкен», «Жер жанары», «Өркен», «Биіктей бер, тауларым!» «Шешендер» атты жыр жинақтары, «Отағасы», «Қаңтар» повестері, «Қызыл үй», «Тас құдай» романдары жарық көрген. Шешенстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік «Ұлт намысы» орденімен марапатталған. 66 жыл бұрын (1948) Қазақ зоология ғылыми-зерттеу институтының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі МЕЛДЕБЕКОВ Әлихан Мелдебекұлы дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын бітірген. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері ірі қара малдың етті бағыттағы тұқымдарының өсіп-өнуіне және одан алынатын өнімді көбейту жолдарын қарастыруға арналған. Сонымен қатар жайылымды тиімді пайдалануды, күнделікті қолданылатын тәуліктік азықтандыру мөлшері мен құрамының бірқалыптылығын, малды жеңіл құралымдардан жасалған қораларда ұстау тәсілдері мен тиімділігін анықтаған. Ғалым «Жетісу» етті ірі қара тұқымын шығарушылардың бірі. Оның 190-нан астам ғылыми еңбегі бар. Өндіріске экономикалық жағынан тиімді 15 ғылыми ұсыныс енгізген. 66 жыл бұрын (1948) жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ЭРЛИХ Константин Владимирович дүниеге келді. Омбы облысының Одесса ауданында туған. Омбы педагогикалық институтының шет ел тілдері факультетін бітірген. Мектепте мұғалім, облыстық, республикалық радиода тілші, аудармашы, «Қазақстан» баспасында аға редактор болып істеген. Жазушының «Эскиз» атты прозалық кітабы жарық көрген. Көркем аударма саласында «Күндей сұлу Күнікей», «Кедейдің үш баласы», «Қазақ халқының ертегілері», «Ұйғыр халқының ертегілері» атты кітаптарды неміс тіліне аударған. 58 жыл бұрын (1956) «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы СҰЛТАНОВ Ерік Хамзаұлы дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында туған. Қарағанды политехникалық институтын ( қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген. 1978-1993 жылдары «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында қызмет атқарған. 1993-1994 жылдары - Екібастұз қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы еңбек қорғау департаментінің төрағасы. 1995-1996 жылдары - «Екібастұзшахтақұрылыс» өндірістік бірлестігіінің президенті. 1996-1998 жылдары - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің төрағасы. 1998-1999 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары департаментінің директоры. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары департаментінің сыртқы займдар жөніндегі консультанттарының бас үйлестірушісі. 2001-2002 жылдары - «Қазақавтожол» РМК бас директорының бірінші орынбасары. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфроқұрылымдық кешендер құрылысы комитетінің төрағасы. 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялр министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы. 2005-2006 жылдары - «Қазақ жолқұрылысы» ЖШС-нің бас директоры. 2006-2008 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 - 2013 жылдар аралығында «ҚТЖ» АҚ-ның Вице-президенті. 2013 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 13 шақырылымының депутаты болған. «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған. 52 жыл бұрын (1962) ҚР Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы САФИНОВ Қанатбек Бейсенбекұлы дүниеге келді. Жамбыл облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік бітірген. Заң ғылымдарының докторы. Еңбек жолын ҚР ҒА Мемлекет және құқық институтында бастады. 1996 жылдан - ҚР-ның ГФР-дағы сауда өкілінің орынбасары, «Қазақстан әуе жолы» Ұлттық авиакомпаниясының вице-президенті. 1997-2002 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі. 2002-2006 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры. 2006 жылдан - «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі. 2009 қаңтар-маусым айларында - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі. 2009-2010 жылдары - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы. 2010 жылдың 19 наурызынан - қазіргі қызметінде. Бірқатар жүмвыстардың, монографияның, басқа да ғылым еңбектердің, өнертабыстардың авторы. 51 жыл бұрын (1963) ақын, Шыңжаң Жазушылар одағының, Шыңжаң Аудармашылар одағының мүшесі ҚАЛИБЕКҰЛЫ Ғалым дүниеге келді. Шыңжаң өлкесінің Алтай аймағына қарасты Көктоғай ауданында туған. Алтай аймақтық техникумын бітірген. Шыңжаң педагогикалық институтында қытай тілі мамандығы бойынша сырттай білім алған. 1984-1986 жылдары «Алтай» газетінде тілші, бөлім редакторы болған. 1987-1993 жылдары «Партия тұрмысы» журналының бөлім редакторы, суретшісі қызметтерін атқарған. Ақынның тұңғыш өлеңі «Іле өрендері» газетінде жарияланған. Оның «Шерлі домбыра», «Бозжусан» атты жыр жинақтары, «Өмір-ай!» әңгімелер мен хикаяттар жинағы жарық көрген. 49 жыл бұрын (1965) ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы ҚОЖАМЖАРОВ Қайрат Пернешұлы дүниеге келді. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1987 жылдан бастап 1995 жылға дейін Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында қызмет еткен. 1995 жылғы қыркүйектен бастап 1998 жылғы наурызға дейін кеден органдарында қызметте болған. 1999 жылғы шілдеден бастап осы уақытқа дейін қаржы полициясы органдарында қызмет етті. Әр түрлі лауазымдарда: 2001 жылғы ақпаннан бастап Агенттіктің тергеу басқармасының бастығы, 2002 жылғы ақпаннан бастап 2004 жылғы мамырға дейін Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары, 2004 жылғы мамырдан бастап 2007 жылғы қаңтарға дейін Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы, 2007 жылғы қаңтардан бастап 2008 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары болды. 2008 жылғы желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы қызметін атқарды. 2012 жылғы қаңтардан - Ақтөбе облысының әкімі. 2013 жылғы қаңтардан - қазіргі қызметінде. Қаржы полициясының генерал-майоры. ІI дәрежелі «Даңқ» орденімен, Ресей Федерациясының "За нашу победу" орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған. 45 жыл бұрын (1969) ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы ҚҰРМАНҒАЛИЕВА Жанна Дулатқызы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетін «саясаттану» мамандығы бойынша (1993 ж.) үздік бітірген. Жапонияда «Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар және масс-медиа» бағдарламасы бойынша мамандық алған (2004 ж.). 1993-1998 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында қызмет істеді. 1998-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасын басқарды. 2000- 2002 жылға дейін ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің электрондық БАҚ бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2002-2004 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің БАҚ департаментінің директоры. 2004 жылдың тамыз айынан бастап сектор меңгерушісі, ҚР Президенті баспасөз қызметінің бас инспекторы болды. 2005 жылдың маусым айында ҚР Президенті баспасөз қызметі басшысының орынбасары, ал 2008 жылдың наурыз айынан бастап ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды. 2008 жылғы 27 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. 2010 жылғы 19 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. 2012 жылғы 26 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. 2006 жылдың желтоқсан айында оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 20-дан астам деректі фильмдер сценарилерінің авторы. 123 жыл бұрын (1891-1951) кеңестік физик, академик, КСРО-дағы физикалық оптика ғылыми мектебінің негізін салушы Сергей ВАВИЛОВ дүниеге келді. 108 жыл бұрын (1906-1984) атақты әнші, актриса, КСРО халық әртісі Клавдия ШУЛЬЖЕНКО дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар