24 наурызда ел аумақтарының басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың батыс, солтүстік- батыс, солтүстік, оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, ал оңтүстікте кей жерлерде найзағай күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

 Алматы облысының Жаланашкөл аймағында жел 18-23, екпіні  28 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде  тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

 Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ,  күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

 Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.                                                                    

Соңғы жаңалықтар
telegram