24 шілде. Тұлғалар туған күн

ЕСІМДЕР
Ақтөбе қаласында туған. Консерваторияның фортепиано класы бойынша 3 курсын, Ташкент театр институттын бітірген. Самарқандтың орыс драма теарында, М. Горький атындағы Владивосток өңірлік орыс драма театрында актер қызметін атқарған.
1971 жылдан – М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актеры. Театр сахнасында жүзге жуық басты рөлдерді сомдаған. Бірқатар кинофильмдерге түскен.
Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық кеңшарында туған. Қазақ ұлттық университетін бітірген (1979).
Еңбек жолы: 1979-1992 жылдары – Алматы халық шаруашылығы институтында оқытушы, доцент, 1992-1995 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының кафедра меңгерушісі, 1995-1997 жылдары ҚР статистика және талдау жөніндегі мемлеттік комитет төрағасының орынбасары, 1997-1999 жылдары – ҚР Ұлттық статистика агенттігі Төрағасының орынбасары, ҚР Экономика және сауда министрлігінің Ұлттық статистика агенттігінің директоры, ҚР Стратегиялық жоспарлау мен реформалау жөніндегі агенттігінің статистика және сараптау комитетінің төрағасы, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің төрағасы, 1999-2003 жылдары – ҚР экономика министрі, ҚР экономика және сауда министрі, республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы, ҚР Білім және ғылым министрі секілді лауазымды қызметтер атқарды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығының мүшесі (2020 жылдан). 2022 жылдың маусымынан ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы (10.2022 бастап).
Қазіргі қызметін 2023 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді.
Целиноград облысында (қазіргі Ақмола облысы) туған. 1981 жылы Алматы зооветеринарлық институтын жылқытану мамандығы бойынша бітірген. 1977-1981 жылдары бокстан Алматы чемпионы.
Целиноград ауылшаруашылығы институтында жұмыс істеген. 1985 жылы Мәскеудегі Тимирязев ауылшаруашылығы академиясына аспирантураға түсіп, спорттық жылқытану бойынша диссертация қорғады. 1994 –1998 жылдары «Болашақ» бағдарламасымен Францияда Дижон қаласындағы Бургунд университетінде Ауыл шаруашылығы бойынша доктарантура бітірген. 1998-2003 жыл аралығында Қазақстандағы «Ромплинг» француз ауылшаруашылығы фирмасы өкілдігінің басшысы қызметін атқарған. «АЗВИ» ЖШС-ның құрылтайшысы және директоры. Мемлекеттік тілдің дамуына қосқан үлесі үшін 2014 жылы «Тiл жанашыры» төсбелгісімен, ал 2016 жылы «Бірлік» медалімен марапатталған.
Алматы шет тілдері педагогикалық институтын (1983), М. Торез атындағы Мәскеу шет тілдері педагогикалық институтын (1989), Францияның Ренн-I университетін, (1995), Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін (1996) тәмамдаған.
1983-1984 және 1989-1992 жылдары Алматы шет тілдері педагогикалық институтының оқытушысы, 1996-1999 жылдары Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, 1999-2002 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, бөлім бастығы, 2002-2004 жылдары Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің кеңесшісі, 2004-2006 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті бөлімінің бастығы, 2006-2011 жылдары Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, 2011-2013 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаменті директорының орынбасары, 2014 -2018 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментінің директоры,
2018 жылғы 3 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ұлы Люксембург Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2018-2021 жж. Еуропа одағы мен Солтүстік Атлант келісімі ұйымдары (НАТО) жанындағы Қазақстан Республикасы Өкілдіктерінің басшысы қызметін қоса атқарушы болып қызмет атқарды.
2023 жылдың наурызынан бастап қазіргі қызметінде.
Қарағанды облысының Балқаш қаласында туған. Алғашқы жаттықтырушылары – Ерғазы Әлімжанов, гроссмейстер Болат Асанов. Қарағанды облысының екі дүркін чемпионы (1990, 1991), республикалық студенттер ойындарының чемпионы (1989), Қазақстан зағиптар қоғамының төрт дүркін чемпионы (1990, 1992, 1994, 1997), халықаралық турнирлердің жүлдегері (Брно, Чехия, 1994; Мәскеу, 1994; Петропавл, 1994; Бенавенте, Испания 1995; Нью-Йорк, АҚШ 1995). Шахматты шапшаң ойнаудан Астана қаласының чемпионы (2000), Алматы қаласының чемпионы (1997, Алматы; 2000, Астана).