24 тамыз. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 24 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1964) Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Махамматұлы ӘБИДОВ дүниеге келді.

Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз қаласы) туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, құқықтану (1989).

Еңбек жолы: Жамбыл қаласындағы тері комбинатының жұмысшысы (1981-1982); Жамбыл облысы прокуратурасында әртүрлі лауазымдарды атқарды (1989-1996); Жамбыл облыстық сотының судьясы (1996-2009); Тараз қалалық № 2 сотының төрағасы (2009); Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы.

2015 жылдан бері қазіргі қызметінде.

59 жыл бұрын (1965) Қостанай облысының әкімі Құмар Iргебайұлы АҚСАҚАЛОВ дүниеге келді.

Ол 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инженерлерi институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы: 1987-1989 жылдары Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженерi болды. 1989-1991 жылдары Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы. 1991-1992 жылдары Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженерi. 1992-1993 жылдары Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттiк шағын кәсiпорнының директоры. 1993-1996 жылдары Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi директорының орынбасары. 1996-1998 жылдары Қостанай облысы Меңдiқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президентi. 1998-2002 жылдары Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi. 2002-2004 жылдары Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi. 2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы. 2006-2010 жылдары Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары. 2010-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы. 2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары. 2017–2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2011 ж).

56 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасының Солтүстік Македониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Ересұлы БҰРШАҚОВ дүниеге келді.

1993 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірген. Пәкістан Ислам Республикасында Шетелдік қызмет академиясында (1994) және Нидерланды Корольдігінде «Клингендаль» Халықаралық қатынастар институтында (1995) тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 1993 жылы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінің оқытушысы болып бастаған. 1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің Еуропа елдері басқармасының атташесі, референт.1995-2000 жылдары Венгрия Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінде атташе, үшінші, екінші хатшы. 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің екіжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, Еуропа және Америка департаментінде бөлім бастығы. 2002-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесшісі, бірінші хатшысы. 2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі Аппаратының халықаралық байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі. 2012-2017 жылдары ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілінің орынбасары (Франция). 2018-2019 жылдары ҚР сыртқы істер министрлігінің халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары. 2019 жылдың наурыз-қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының басшысы, Сыртқы саясат және халықаралық байланыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап.

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатын алған.

50 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Ахтанұлы ТӨЛЕУБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Тұран университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген (1996), Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Экономист-әлеуметтік сала және өнеркәсіп менеджері» мамандығы бойынша бітірген (2003).

Еңбек жолы: Бас әскери прокуратурада әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген, Астана және Алматы қалаларының көлік прокуроры (1996-2009); Атырау облысы прокурорының орынбасары (2009-2012); Атырау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы (2012-2014); Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің басшысы (2014-2015); Қостанай облысы прокурорының орынбасары (2015-2017); Атырау облысы прокурорының орынбасары (2017-2019); Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі (2019 ж.); Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы (2019-2021); Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алдын алу қызметінің басшысы (2021-2022); Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің басшысы (2022-2023).

2023 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

49 жыл бұрын (1975) С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Марат Едігеұлы ШОРАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Академик Б.У.Жарбосынов атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Урология ғылыми орталығының аспирантурасын бітірді. Rollins School of Public Health (Emory University) магистрі, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, медицина ғылымдарының кандидаты.

Академик Б.У. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында (Алматы), радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ (Семей), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істеді. 2008–2009 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры (Алматы). 2009–2011 жылдары – Emory университетінің Клиника жобалары бойынша менеджері (Emory University, Rollins School of Public Health, Атланта, АҚШ). 2012 жылы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК экологиялық зерттеулер орталығының басшысы (Астана қаласы). 2012–2013 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК бас директорының медициналық ғылым және білім жөніндегі орынбасары. 2013–2014 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры. 2014–2015 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры. 2015 жылы – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ трансформация департаментінің директоры. 2016–2017 жылдары – «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарушы директоры. 2017-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 2019 жылдың сәуір-қыркүйек айларында Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.

2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.