25 ақпан. Тұлғалар туған күн

туған күн
Фото: Kazinform

Бүгін, 25 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

73 жыл бұрын (1951) театр және кино әртісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Меруерт Қаратайқызы ӨТЕКЕШОВА дүниеге келді.

Меруерт Қаратайқызы ӨТЕКЕШОВА
Фото: harpersbazaar.kz

Батыс Қазақстан облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік өнер институтының актерлік факультетін бітірген. 1973 жылдан осы кезге дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының акрисасы. 1985 жылдан бері Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында оқытушы. «Ана – Жер-ана», «Мөлдір махаббат», «Ескі үймен қоштасу», «Ревизор», «Үлкен ұл», «Қарагөз» және басқа спектакльдерде ойнады. «Қыз Жібек», «Менің ағам», «Шоқан», «Махамбет», «Бақсы»» «Жылан жылы» фильмдеріне түсті. «Құрмет» орденімен марапатталған, Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жастар шығармашылығы байқауының лауреаты, ҚазКСР жастар шығармашыл жастар байқауының лауреаты. ҚР еңбек сіңірген әртісі.

68 жыл бұрын (1956) физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Серқұлұлы ЖҰМАДІЛДАЕВ дүниеге келді.

Асқар Серқұлұлы ЖҰМАДІЛДАЕВ
Фото: kbtu.edu.kz

Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген.

1980-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Математика және механика институтының кіші, аға, бас ғылыми қызметкері, Математика институты алгебра зертханасының меңгерушісі, 1994-1995 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесі Ғылым жөніндегі даярлау комитетінің төрағасы болды, 1995-2002 жылдары Германиядағы Гамбург, Мюнхен, Билефельд университеттерінің профессоры, Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында, А.Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығында, Швеция корольдік ҒА-ның Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында, Фильдс атындағы Математика институтында қызмет атқарып, дәрістер оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдік Ғылым академиясының грантын алған. 1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Математика институты алгебра зертханасының меңгерушісі қызметін атқарған. Ғалымның негізгі ғылыми зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Ол ХІІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.

61 жыл бұрын (1963) Әл-Фараби атындаңы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Адам құқығын қорғау ғылыми-зерттеу институтының директоры Әнуар Құрманбайұлы ТҮГЕЛ өмірге келді.

 Әнуар Құрманбайұлы ТҮГЕЛ
Фото: total.kz

Жамбыл облысының Шарбақты кентінде дүниеге келген. Қазан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: Ленин аудандық прокуратурасының тергеушісі, Фрунзе қалалық прокуратурасының аға тергеушісі қызметтерін атқарған. 1991-1992 жылдары ҚР Бас прокуратурасы басқармасының прокуроры. 1992-1993 жылдары Алматы қаласының Алатау ауданы прокурорының орынбасары. 1993-1995 жылдары ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы Ақсай ауданының прокуроры, 1995-1998 жылдары ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің басқарма бастығы, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің консультанты, Мемлекеттік тергеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша салық полициясы басқармасы бастығының орынбасары. 1998-2000 жылдары «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны аппаратының жетекшісі, 2000-2001 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, 2001-2002 жылдары ҚР әділет вице-министрі, 2002-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының жетекшісі қызметін атқарды. 2005 жылы ҚР Адвокаттар одағының президенті, 2012-2018 жылдары Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы болып сайланды.

2020 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

59 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің төрағасы Мақсат Төкенұлы ОРЫСПАЕВ дүниеге келді.

Мақсат Төкенұлы ОРЫСПАЕВ
Фото:ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі Мемлекеттік қорғаныс тәртібі комитетінің баспасөз қызметі

1987 жылы Қазақ политехникалық институтын «инженер-механик», 1996 жылы КазГАУ нарық институтын «экономика», 1997 жылы Талдықорған заң институтын «заңгер», 1999 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін «кеден ісі», 2005 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетін «Әскери-әкімшілік басқарма» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1987-1992 жылдары Инженер-механик, № 2 цех мастері «Казгазтехника» Ғылыми тәжірбиелік зауыты, 1992-1993 жылдары ОЭО «Жарык» бас маман, 1993-2002 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Кеден комитетінде қызмет атқарды, 2002-2016 жылдары ҚР Қорғаныс күштерінде қызметі етті, 2016-2019 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс департаментінің директоры қызметін атқарды.

2019 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.

34 жыл бұрын (1990) ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Болатқызы СҮЛЕЙМЕНОВА дүниеге келді.

Зүлфия Болатқызы СҮЛЕЙМЕНОВА
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Ақтөбе қаласында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітірген. «Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер» бағдарламасы бойынша Жапонияның Ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD доктор дәрежесін алған.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (Бангкок, Таиланд) Қоршаған орта және даму, энергетика, сондай-ақ макроэкономикалық саясат және дамуды қаржыландыру жөніндегі дивизиондарының консультанты, Қазақстан мен Түрікменстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының кеңселерінде, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum