25 ақпан. Тұлғалар туған күн
ЕСІМДЕР
7 2 жылбұрын (1951) театр және кино әртісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Меруерт Қаратайқызы ӨТЕКЕШЕВА дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік өнер институтының актерлік факультетін бітірген. 1973 жылдан осы кезге дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының акрисасы. 1985 жылдан бері Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында оқытушы. «Ана – Жер-ана», «Мөлдір махаббат», «Ескі үймен қоштасу», «Ревизор», «Үлкен ұл», «Қарагөз» және басқа спектакльдерде ойнады. «Қыз Жібек», «Менің ағам», «Шоқан», «Махамбет», «Бақсы»» «Жылан жылы» фильмдеріне түсті. «Құрмет» орденімен марапатталған, Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жастар шығармашылығы байқауының лауреаты, ҚазКСР жастар шығармашыл жастар байқауының лауреаты. ҚР еңбек сіңірген әртісі.
67 жыл бұрын (1956) физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Серқұлұлы ЖҰМАДІЛДАЕВ дүниеге келді.
Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. 1980-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Математика және механика институтының кіші, аға, бас ғылыми қызметкері, Математика институты алгебра зертханасының меңгерушісі. 1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Ғылым жөніндегі даярлау комитетінің төрағасы болды. 1995-2002 жылдары Германиядағы Гамбург, Мюнхен, Билефельд университеттерінің профессоры болып, Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында, А.Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығында, Швеция корольдік ҒА-ның Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында, Фильдс атындағы Математика институтында қызмет атқарып, дәрістер оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдік Ғылым академиясының грантын алған. 1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Математика институты алгебра зертханасының меңгерушісі қызметін атқарған. Ғалымның негізгі ғылыми зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Ол ХІІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.
60 жыл бұрын (1963) Әл-Фараби атындаңы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Адам құқығын қорғау ғылыми-зерттеу институтының директоры Әнуар Құрманбайұлы ТҮГЕЛ өмірге келді.
Жамбыл облысының Шарбақты кентінде дүниеге келген. (гуглда осылай)
Қазан мемлекеттік университетін бітірген. Ленин аудандық прокуратурасының тергеушісі, Фрунзе қалалық прокуратурасының аға тергеушісі қызметтерін атқарған. 1991-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы басқармасының прокуроры. 1992-1993 жылдары - Алматы қаласының Алатау ауданы прокурорының орынбасары. 1993-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы Ақсай ауданының прокуроры. 1995-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің консультанты, Мемлекеттік тергеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша салық полициясы басқармасы бастығының орынбасары. 1998-2000 жылдары - «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны аппаратының жетекшісі. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратының жетекшісі қызметін атқарған. 2005 жылы ҚР Адвокаттар одағының президенті, 2012-2018 жылдары Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы.
Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың сәуірінен.
58 жыл бұрын (1965) Абай облысы сотының төрағасы Қайрат Мұратұлы ШАҚПАНТАЕВ дүниеге келді.
Семей (қазіргі Абай) облысында дүниеге келген. Өскемен педагогикалық институтын Еңбек және жалпы техникалық пәндері мұғалімі (1990); Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген (1996).
Еңбек жолы: Самаралық «Облагропром» құрылыс бригадасында қосалқы жұмысшы (1982-1983); Өскемен қаласы мамандандырылған жиһаз кәсіпорнының құрылысшылар бригадирі (1990-1991); Үлбі металлургия зауытының жөндеу-құрылыс цехының бетонқоспалауыш машинисі (1991-1992); Өскемен қаласының мамандандырылған жиһаз кәсіпорнының самаралық шаруашылық есеп учаскесінің құрылысшылар бригадирі (1992-1996); Өскемен қ. «Парасат» ЖШС заң кеңесшісі (1996-1997); Самара ауданы прокурорының көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы прокурорының көмекшісі (1997-1998); Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі (1998-1999); Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры (1999-2000); Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры (2000-2001); Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының соттарында қылмыстық істерді қараудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры (2001-2002); ШҚО Бесқарағай ауданы прокурорының орынбасары (2002-2003); Өскемен қаласының №2 сотының судьясы (2003-2004); ШҚО №2 Көкпекті аудандық сотының судьясы (2004-2005); ШҚО №2 Көкпекті аудандық сотының төрағасы (2005-2009); Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы (2009-2014); Өскемен қалалық сот төрағасы (2014-2015); Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы (2015-2022).
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.
5 8 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитетінің төрағасы Мақсат Төкенұлы ОРЫСПАЕВ дүниеге келді.
Қазақ политехникалық институтын «инженер-механик» (1987), КазГАУ нарық институтын (1996) «экономика», Талдықорған заң институтын (1997) «заңгер», Қырғыз мемлекеттік университетін (1999) «кеден ісі», Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетін «Әскери-әкімшілік басқарма» мамандығымен (2005) тәмамдаған.
Еңбек өтілі: Инженер-механик, № 2 цех мастері «Казгазтехника» Ғылыми тәжірбиелік зауыты (1987-1992), ОЭО «Жарык» бас маман (1992-1993), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігі Кеден комитетінде қызмет (1993-2002), Қазақстан Республикасы Қорғаныс күштерінде қызметі (2002-2016), Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс департаментінің директоры (2016-2019).
2019 жылдың қарашасынан - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің төрағасы.
33 жыл бұрын (1990) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Болатқызы СҮЛЕЙМЕНОВА дүниеге келді.
Ақтөбе қаласында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітірген. «Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер» бағдарламасы бойынша Жапонияның Ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD доктор дәрежесін алған.
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (Бангкок, Таиланд) Қоршаған орта және даму, энергетика, сондай-ақ макроэкономикалық саясат және дамуды қаржыландыру жөніндегі дивизиондарының консультанты, Қазақстан мен Түрікменстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының кеңселерінде, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2021-2022); Экология және табиғи ресурстар вице-министрі (2022-2023).
Қазіргі қызметінде – 2023 жылдың қаңтарынан.