25 ақпанда 9 сыныпқа дейінгі астаналық оқушылар тағы да қашықтан оқиды

АСТАНА. KAZINFORM — Ел астанасында соңғы күндері аяз күшейіп, бірінші ауысымда оқитын оқушылар онлайн форматта білім алып жүр, деп хабарлайды елордалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

дистанционное обучение қашықтан оқыту школьники уроки оқушы сабақ
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

— 2026 жылғы 25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.

Осыған дейін 24 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум