25 қаңтар. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 25 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

63 жыл бұрын (1962) Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қалдарбек Жұмабайұлы ДОСЫМБЕТ дүниеге келген.

Қалдарбек Жұмабайұлы ДОСЫМБЕТ
Фото: alm.sud.kz

Шымкент қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.

Еңбек жолы: 1979 жылы Алматы жылу оқшаулағыш конструкциялар және коммуникациялар зауытында қызмет етті, 1979-1981 жылдары Алматы ауыр машина жасау зауытының ұстасы, 1981 жылы Алматы қаласы телевизия және радиохабар тарату Мемлекеттік комитетінің 6-разрядты ағаш ұстасы, 1981-1983 жылдары Алматы қ. Калинин аудандық сотының курьері, 1985-1991 жылдары Алматы қаласы Калинин аудандық сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, 1991-1992 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасының кадр жөніндегі кеңесшісі, 1992-1998 жылдары Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы, 1998-2001 жылдары Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы, 2001-2002 жылдары ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілік комитеті Алматы облысы сотының әкімшісі, 2002-2007 жылдары Алматы облысы СМЭС төрағасы, 2007-2009 жылдары Алматы облысы Талдықорған қаласы сотының төрағасы, 2009-2012 жылдары Алматы облысы Медеу аудандық сотының төрағасы, 2012-2015 жылдары Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы қызметтерін атқарды.

Қазіргі қызметінде - 2015 жылдан бері.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

62 жыл бұрын (1963) Сот алқасының төрағасы Нұржан Үсіпханұлы ҚАЙЫПЖАН дүниеге келді.

Нұржан Үсіпханұлы ҚАЙЫПЖАН
Фото: sud.gov.kz

Шымкент облысында (Қазіргі – Түркістан облысы) туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.

1986-1989 жылдары Шымкент облысы Түркістан қаласы прокуратурасында аға тергеушінің міндетін атқарушы, аға тергеуші. Шымкент облысы Шардара ауданы прокуратурасының аға тергеушісі. 1991-1996 жылдары Шымкент облысы Түлкібас ауданы прокуратурасының тергеушісі, прокурордың орынбасары. 1996-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы. 2002-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2008-2010 жылдары Алматы облыстық сотының азаматтық істер алқасының төрағасы.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

60 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Жетінші сайланған Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Гүлдара Алданышқызы НҰРЫМОВА дүниеге келді.

Гүлдара Алданышқызы НҰРЫМОВА
Фото: parlam.kz

Қызылорда облысында туған. 1982-1988 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1988 жылы Тараз қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасының интерн дәрігері, терапевт дәрігері, 1993 жылы Тараз қаласындағы Теміржол ауруханасының терапевт дәрігері, бас дәрігер орынбасары, 1999-2020 жылдары «Мейірім» медициналық орталығының директоры, 2021 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша VII шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

ҚР Президентінің Құрмет грамотасы, «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі».

52 жыл бұрын (1973) «Build Investment Group» холдингінің басқарма төрағасы Амангелді Ғабдуллинұлы ОМАРОВ дүниеге келді.

Амангелді Ғабдуллинұлы ОМАРОВ
Фото: forbes.kz

Омбы облысында туған. Омбы мемлекеттік аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп. Экономикалық қызметті бақылау және талдау» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «Build Investments Group» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары (2007-2010), BI Development компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы (2010-2018), BI Group холдингінің басқарма төрағасы (2018 жылдан бастап).

31 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Жоғары білім министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Миратұлы ҚҰСМАНОВ дүниеге келді.

Әділ Миратұлы ҚҰСМАНОВ
Фото: bolashak.gov.kz

Шығыс Қазақстан облысында туған. Назарбаев Университетін бітірген, Математика бакалавры, Оксфорд университеті, «Болашақ» бағдарламасы, математикалық модельдеу және ғылыми есептеулер саласындағы ғылым магистрі (2017-2018).

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы (2018-2020); Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығының консультанты, басшысының орынбасары, сараптамалық-талдау тобының жетекшісі (2020-2023); Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2023-2024).

2024 жылдың қараша айынан бері қазіргі қызметінде.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар