25 қарашада елдегі қандай жолдарда шектеу бар
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Елдегі республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде шектеулер бар.
«ҚазАвтоЖол» мәліметіне сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында республикалық маңызы бар автожолдың екі учаскесінде жылдамдық режимі өзгертілді.
2026 жылғы 25 қарашада сағат 02:15–тен бастап көктайғақ болуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана — Көкшетау (айналма жолмен) — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 18–125 шақырымы аралығында (Астана қаласы — Айдарлы ауылы учаскесі) көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі сағатына 140 шақырымнан 110 шақырымға дейін төмендетілді.
Сондай-ақ «Астана — Көкшетау (айналма жолмен) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті)» автожолының 125–232 шақырымы аралығында (Айдарлы ауылы — Щучинск қаласы учаскесі) барлық автокөлік түрлері үшін жылдамдық режимі сағатына 80 шақырымнан 110 шақырымға дейін өзгертілді.
Бұған дейін қалың қарға байланысты 25 қараша сағат 08:00–ге дейін облыстық маңызы бар «Өскемен — Тарғын — Самар» автожолының 63–145 шақырымы аралығында (Тарғын және Самар ауылдарының арасы) көліктің барлық түріне қозғалыс жабылғаны хабарланған болатын.