25 қарашада еліміздегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 25 қарашада еліміздің кей өңірлерінде ауа райының жақсаруына байланысты жолдар қайта ашыла бастағанымен, кей облыстардағы бірқатар бағытта қозғалыс әлі де шектеліп отыр.

Абай облысында көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат
Фото: Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 25 қараша күні сағат 07:00-де республикалық маңызы бар келесі автожолдарда шектеу алынып, барлық көлік түріне қозғалыс ашылды.

Абай облысы

• KAZ08 «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы (Сарқан, Аягөз айналма жолы және Мұқры асуына дейін), 683-1013-шақырым, (Таскескеннен Шығыс Қазақстан облысы шекарасына дейін);

• KAZ07 «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау –Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолы, 756-1103-шақырым, (Семей қаласынан Шығыс Қазақстан облысы шекарасына дейін);

• KAZ15 «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолы, 707-941-шақырым, (Аягөз қаласынан Боғас ауылына дейін).

Шығыс Қазақстан облысы

• KAZ07 «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналуы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 1103-1256-шақырым аралығы (Абай облысы шекарасынан Зайсан қаласына дейін);

• KAZ08 «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1048-шақырым аралығы (Уланское ауылынан Абай облысы шекарасына дейін).

Ал үш облыстағы жолдарда қозғалыс бойынша шектеу әлі де бар.

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Қалқаман елді мекенінен Астанаға қозғалыс Береке «Қалқаман – Ақсу» көлік айрығы арқылы (ұзақтығы 6 шақырым) және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс «Баянауыл» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.

Солтүстік Қазақстан облысы

«Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы – Тимирязево ауылы) көліктің барлық түрі үшін шектеу бар.

Шығыс Қазақстан облысы

Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.

Еске салайық, бұған дейін ҚазАвтоЖол жүргізушілерге үндеу жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар