25 қыркүйек. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 25 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
64 жыл бұрын (1960) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі (меццо-сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, М.Глинка атындағы халықаралық әншілер байқауының лауреаты Сара ИЩАНОВА дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры жанындағы опера студиясын, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы музыкалық училищесін, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген.
1990 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры құрамының соло-әншісі. Осы театрдағы алғашқы партиясы - Любаша (Н.Римский-Корсаков «Патша қалыңдығы»). Бұдан кейін Граф әйелі, Ольга (П.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі»,«Евгений Онегин»), Амнерис («Аида» Дж.Верди), Флора («Травиата» Дж.Верди), Азучена («Трубадур» Дж.Пуччини), Кармен («Кармен» Ж.Бизе), Марта («Фауст» Ш.Гуно), Маддалена («Риголетто» Дж.Верди), тағы басқа орыс және шет ел классиктерінің опера партияларын кемеліне келтіре орындап, шығармашылық концерттерге белсене қатысқан.
Гастрольдік сапармен Қытай мен Түркияда, Мәскеу, Санкт-Петербург қаларында болып, өнер көрсетті.
60 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Барлыбай Кәрімұлы САДЫҚОВ дүниеге келді.
1988 жылы СССР Қорғаныс министрлігі Әскери институтын бітірген.
Дипломатия саласындағы қызметін 1993 жылы Қазақстан СІМ Еуропа және Америка елдері басқармасының атташесі қызметінен бастады.
Әр жылдары СІМ орталық аппаратында және ҚР-ның Италиядағы, Швейцариядағы, АҚШ-тағы шет елдердегі мекемелерінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс атқарды.
2008-2012 жылдары ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, директоры болды. 2013 жылдан 2015 жылға дейін - ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі; Қазақстанның БҰҰ жанындағы Нью-Йорктегі Тұрақты өкілінің орынбасары. 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Тұрақты өкілдігінің бірінші орынбасары болды.
Барлыбай Кәрімұлының Нью-Йоркте жұмыс істеген кезеңі Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігімен тұспа-тұс келді. Оның барысында ол Бас Ассамблеямен және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесімен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік етті, сондай-ақ БҰҰ ҚК санкциялық комитеттерінің мәжілістерін өткізген.
2018-2019 жылдары - Қазақстанның Пәкістан мен Бангладештегі елшісі.
2019 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
59 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары Тимур Ғазизбекұлы ТӘШІМБАЕВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы: Алматы қаласы Фрунзе ауданы прокурорының тергеушісі, көмекшісі (1989-1992); Алматы облысы Талғар ауданаралық прокурорының аға көмекшісі (1992); Алматы облысы Іле ауданы прокурорының аға көмекшісі, прокурорының орынбасары (1992-1995); ҚР Бас Прокуратурасы басқармасының аға прокуроры (1995-1996); ҚР Бас прокуроры хатшылығының аға көмекшісі-бастығы (1996-1997); ҚР Бас прокуратурасы Департаменті басқармасының бастығы (1997-2000); Алматы қаласы Түрксіб және Бостандық аудандарының прокуроры (2000-2003); Астана қаласы прокурорының орынбасары (2003-2007); ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2007-2012); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы (2012-2017); Ақмола облысының прокуроры (2017-2020); Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары (2020-2022).
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
59 жыл бұрын (1965) «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ омбудсмені Бақыт Шалхарұлы ӘБІШЕВ дүниеге келді.
Шымкентте туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1990).
Еңбек жолы: Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық сот мәжілісінің хатшысы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары прокуратурасының қызметкері, Жамбыл облысы прокуратурасының бөлім бастығы, аудан прокуроры Т.Рысқұлов, Тараз қаласы прокурорының міндетін атқарушы (1990-2005); Қарағанды облысы Әділет департаментінің бастығы (2005-2007); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары (2007-2008); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары (2008-2009); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы (2009-2009); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты департаменті төрағасының кеңесшісі (2009-2009); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының Заң бөлімінің меңгерушісі (2009-2010); Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы (2011-2012); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы (2012-2013); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы (2013-2014); «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалы «ЦПН» дирекциясы «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясының директоры (2015-2017); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары (2017-2022); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысы (06.2022-02.2023).
2023 жылдың мамыр айынан бері қазіргі қызметінде.
56 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Герман Кәрімұлы НҰРБАЕВ дүниеге келді.
Семей облысындағы Қарауыл ауылында дүниеге келген. КСРО ІІМ АӘК бітірген, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясы, Алматы (1995).
Еңбек жолы: Ішкі істер министрлігінің қылмыстық іздестіру қызметкері; заңгер (1995); Семей мемлекеттік университетінің оқытушысы (1995-1998); «Герман» заң фирмасының құрылтайшысы (2002 жылы «Заңдық компания «Герман» ЖШС болып қайта құрылды), «German Management & Consultancy» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы (1996 жылдан); «Қарағанды Жарық» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы (2007-2009); тәуелсіз директор, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2009-2013); «Modern Nomads Entertainment» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2013); NemoTV онлайн бейне сервисінің тең иесі (2016); «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2016).
2021 жылдың маусым айынан бері қазіргі қызметінде.
53 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасының Словениядағы Төтенше және өкілетті елшісі Данияр Кабидоллаұлы САРЕКЕНОВ дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрілігінің жүйесінде 1993 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. 1993-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрілігінің Азия мемлекеттері департаментінің референті, атташесі, үшінші хатшысы. 1997-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы. 2000-2002 жылдары ҚР СІМ Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы, басқарма басшысы. 2002-2003 жылдары ҚР СІМ Таяу шығыс және Африка департаментінің басқарма басшысы. 2003-2004 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің бөлім бастығы. 2004-2006 жылдары ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2006-2007 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директорының орынбасары. 2007-2011 жылдары ҚР Жапониядағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі. 2012-2013 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директорының орынбасары. 2013 - 2019 жылдары ҚР Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
38 жыл бұрын (1986) актер, сценарист, композитор Тимур ТҰРЫСБЕКОВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.
Қазақ гуманитарлық заң университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша бітірген. Лондон университетінің Азия және Африка зерттеулері мектебінде Азия саясаты бойынша магистр дәрежесі; Alchemea Audio Engineering колледжін «дыбыс режиссеры» мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылы ол өзінің досы Иван Шоповпен бірге Project Zenit музыкалық тобын құрды.
2019 жылы «Әділет оқтары» фильмінің продюсері әрі сценарий авторы болды. Әйгілі актер Дэнни Трэхомен бірге фильм рөлдерінің бірінде ойнады. Пилоттық эпизод 2017 жылы түсірілген және «Project Zenit» тобының «Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» бейнебаянының жалғасы болды.