25 мыңнан аса ақтөбелік «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасымен қамтылды

Ұтқыр топтар Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Темір, Мәртөк, Қарғалы, Байғанин, Шалқар аудандарында жұмыс жасап жатыр.
Қазіргі таңда «Ауқымды түсіндіру жұмыстары мен діни сұрақтар» бойынша 114 іс-шара өткізіліп, аудандардың 5054 тұрғынына экстремизм идеологиясының зияндығы түсіндірілді, исламдағы «Ханафит мазхабының» рөлі ашып айтылды.
Теологтармен және сарапшылармен сөйлесуге келіскен деструктивті діни ағым жетегіндегі 167 адаммен 25 кездесу өткізілді.
Бүгінде жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде үш тұлға дәстүрлі исламға көшсе, тағы 22-сі райынан қайтуға ниетті.
Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде 69 сотталушыны қамтыған сегіз іс-шара өткізіліп, әйелдер жамағатымен жұмыстар жүргізілді.
«Бизнес ортаны дамыту» бағыты бойынша 1274 тұлғаны қамтыған 44 іс-шара өткізіліп, субсидия төлеу сұрақтары шешілді, мемлекеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік тапсырыстар беруге, шағын несиелер алу үшін құжаттар рәсімдеуге көмек көрсетілді, бизнесті ұйымдастыру және жүргізу бойынша семинарлар мен жаттығулар ұйымдастырылды.
Хромтау ауданында «Бизнес - Бастау» бағдарламасы бойынша оқыту басталып, жалпы сомасы 125,3 млн теңге болатын 12 жобаны жүзеге асыру үшін көмек көрсетілді.
Әлеуметтік мәселелерді шешу аясында 2833 адамды қамтыған 83 іс-шара өткізілді, 330 ауыл тұрғыны нақты көмек алды. Аула маңын тексерумен 322 адам қамтылды.
Әлеуметтік жағдайы төмен 193 отбасыға «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасына қатысу тәртібі түсіндірілсе, оның 19-на түрлі көмектер көрсетілді.
75 жұмыссызбен жұмыстар жүргізіліп, олардың 28-і еңбекпен қамтылды, қалғандарына кеңестер берілді. 22 еңбек ұжымына еңбек заңнамасы түсіндіріліп, 41 еңбек шартына қол қойылды.
Облыс дәрігерлері 1558 адамды қамти отыра 12 іс-шара өткізді.
«Ақпараттық жұмыс» аясында 1218 адамды қамти отыра 230 іс-шара өткізілді.
9 мыңнан аса адамды қамтыған облыс тұрғындарымен терроризм актісінің қаупі мен оны жасау жағдайлары кезіндегі әрекеттер туралы кеңестерді түсіндіру бойынша 20 кездесу өткізілді.
Жалпы алғанда, 25 мыңға жуық адамды қамтыған 605 іс-шара өткізілді, деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» орталығы.