25 тамыз. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 25 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None
None

ЕСІМДЕР

13 1 жыл бұрын (1892-1938) режиссер, драматург, актер, қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Казақ ССР-інің халық әртісі Жұмат Тұрғынбайұлы ШАНИН дүниеге келді.

Қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданының Желтау маңында туған. Алғашында ауыл молдасынан оқып, хат таныды. Жас кезінен Ж. Шанин ұлттық ойын-сауықтар мен ән-күйлерге ынтық болып өскен. Әсіресе, Қоянды жәрмеңкесіне барып, халық думанын тамашалау оның ой-қиялын қозғап, өнерге деген ынта-ықыласын арттырады. Туған нағашысы Алтыбайдан ән салып, домбыра тартуды үйренді. 1913 жылы Омбыға келіп, күнкөріс қамымен біраз уақыт зауытта жұмыс істейді. Мұнда С. Сейфуллинмен, Н. Нұрмақовпен және Б. Серкебаевпен танысады, әрі өз бетінше оқып білімін жетілдіреді. 1915-1916 жылдары есепшілік курсты оқып бітіргеннен кейін зауытта есепшінің көмекшісі болып қызмет етеді. Осы жылдары алғаш рет қалалық театр спектакльдерін көреді. Бірақ көп ұзамай-ақ Ж. Шанин майдан жұмысына тартылады. Одан туған ауылына 1917 жылы оралды. Сол жылдан бастап Қарқаралының уездік кооперативінде есепші қызметін атқарды. 1921-1922 жылдары Павлодар уезі комитетінің мүшесі, 1922 жылы Зайсан уездік атқару комитетінің төрағасы, 1923 жылдан Семей губерниясы атқару комитетінің және Қазақ КСР ОАК мүшесі болып, тағы басқа да жауапты орындарда қызмет атқарған. 20-жылдары Семейде «Ес-аймақ» труппасын басқарды. Режиссерлік өнер жолын осы труппадан бастаған Ж. Шанин халық жыры негізінде жазылған өзінің «Арқалық батыры» мен С. Сейфулиннің «Қызыл сұңқарларын» қойды. Сонымен қатар өзі осы аталмыш спектакльдерде Арқалық батырдың және Еркебұланның рөлін орындады. Бір бөлімді «Торсықбай» комедиясы 1925 жылы Семейдің «Таң» журналында жарияланды. 1925 жылы ашылған Қазақ драма театрының директоры болумен қатар оның көркемдік жағын басқарған. 1926-1932 жылдары қазақ драма театрында ұлттық драматургиядан С. Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарларын», С. Аблановтың «Күндеспейтін қатындар» мен «1910 жылын», Ж. Шаниннің «Болатын», І. Жансүгіровтің «Кегі» мен «Түрксібін», Б. Майлиннің «Майданын», М. Әуезовтің «Октябрь үшін» және классикалық туындылардан А. Пушкиннің «Тас мейманы» мен «Сараң серісін», У. Шекспирдің «Гамлетін», сонымен бірге өзі жазған «Торсықбай», «Арқалық батыр» (екі кешке арналған 2 бөлімді), «Айдарбек», «Баян батыр», «Өлімнен үмітке» («Шахта») тағы басқа шығармаларды қойған. 1932-1933 жылдары Қырғыз драма театрының бас режиссері болды. 1934 жылы ашылған музыкалық театрды (қазіргі Қазақтың опера және балет театры) ұйымдастыруға қатысып, Қ. Жандарбековпен бірге Е.Г. Брусиловскийдің «Жалбыр», «Қыз Жібек» пен «Ер Тарғынын» қойды. 1936 жылға дейін осы театрдың көркемдік жағын басқарған Ж. Шанин алғашқы музыкалық театр өнерінің қалыптасып дамуына да мол үлес қосты. 1930-1937 жылдары Орал музыкалық драма театрын ұйымдастырумен бірге оған басшылық жасаған. Ол бірқатар пьесалар («Жанды сурет», «Қара құлын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Үш бажа») жазып, ұлттық драматургияны дамытуда жемісті еңбек етті. Ж. Шанин шығармашылығын М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Ғ.Мүсірепов, тағы басқалар жоғары бағалаған. 1972 жылы Шымкент драма театрына Ж.Шаниннің есімі берілді.

50 жыл бұрын (1973) Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары Қуандық Қайратұлы РАХМЕТОВ дүниеге келді.

Құқық қорғау органдарында еңбек жолын 1997 жылдан бастады. 2001 жылдан Ақмола облысының көлік прокуроры, Павлодар облысы Лебяжі ауданының прокуроры, Бас прокуратура басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаменті Бас прокурорының аға көмекшісі; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Қылмыстық саясат және үкімдерді орындау мәселелерін зерттеу орталығының бастығы болды.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың маусымынан бастап.

45 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісінің орынбасары Берік Оралұлы ЖАКЕНОВ дүниеге келді.

Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) туған. 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Ақмола облысы Көкшетау қаласының Салық полициясы органдарының қызметкері болып бастаған. Астана қаласы бойынша Салық комитетінің Ақпараттық жүйелерді енгізу және сүйемелдеу бөлімінің маманы, Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды. 2016-2019 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы. 2019-2022 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі. 2022 жылдың ақпан-шілде айларында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. «АМАНАТ» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының жауапты хатшысы (02.2022-07.2022).

2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.

4 2 жыл бұрын (1981) «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Аллен Сержанұлы ШАЙЖҮНІСОВ дүниеге келген.

РФ Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (2002); Қазақ қаржы-экономикалық академиясын (2011) бітірген.

Еңбек жолы: «Қазақстан кабель компаниясы» ЖШС Ресей Федерациясындағы өкілдігінің менеджері (1998-2003); дипломатиялық қызметте (2003-2006); Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2006-2008); «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі (2006-2008); «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС басқарушы директоры (2010-2012); Қазақстан Республикасы Велосипед спорты федерациясының атқарушы директоры, вице-президенті (2010-2013); Қазақстан Республикасы Спорт және денешынықтыру істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (2013-2014); Қазақстан Футбол федерациясының бірінші вице-президенті (2014-2015); «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ атқарушы директоры (2015-2017); «ЭКСПО-2020 Дубай» бүкіләлемдік көрмесінде Қазақстан секциясының бас комиссары (2017-2018). «АСТАНА ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2018-2020). «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары (01.2020-07.2020).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2020 жылдың шілдесінде кірісті.

40 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұлдыз Досбергенқызы СҮЛЕЙМЕНОВА дүниеге келді.

2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих мамандығы бойынша бакалавриатын, 2008 жылы философия және саясаттану мамандығы бойынша магистратурасын, осы мамандық бойынша 2011 жылы докторантурасын тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2000-2004 жж. – Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы. 2004-2006 жж. – Алматы экономика жəне статистика академиясы Ақтөбе институтының әлеуметтік-гуманитарлық пəндер кафедрасының оқытушысы, жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы. 2006-2007 жж. – «Отан» РХП Ақтөбе облысы филиалының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты Республикалық Кеңесі Төрағасының орынбасары. 2007-2008 жж. – Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназияның тарих жəне құқық пəндерінің мұғалімі. 2010-2011 жж. – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу-тəрбие жұмысы жөніндегі проректорының орынбасары, Жастар əкімшілігінің төрайымы. 2011 ж. – Халықаралық бизнес академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы. 2011-2012 жж. – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғалым хатшысы. 2012-2014 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның білім беру саясаты жəне бағдарламалар Департаментінің аға менеджері. 2014-2017 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Білім беру саясаты және бағдарламалар департаменті директорының орынбасары. 2017-2019 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің директоры. 2019-2021 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі филиалының директоры.

2021 жылғы 14 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

Соңғы жаңалықтар