00:17, 20 Қыркүйек 2015 | GMT +5
25 тонна ет артылған жүк машинасын айдап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербордағы айналма жолда 17 қыркүйекте кешкі сағат тоғыз жарым шамасында 25 тонна ет артылған жүк машинасын айдап кетті.

«Фонтанка.ru» порталының хабарлауынша, Пулковское шоссесінде техникалық себептермен тоқтап тұрған фургонның жүргізушіне білгісіз біреулер шабуыл жасаған. Қарақшылар оны дереу байлап, кабинаға тастаған да машинаға отырып белгісіз жаққа іздерін суытқан.
Арада бірнеше сағат өткеннен кейін бос көлік пен аяқ-қолы байланған жүргізуші Ломоносов ауданы аумағында табылды.
Мәскеу аудандық қылмысты іздеу бөлімінің инспекторлары баукеспелерді іздестіріп жатыр.