254 жолаушы Қазақстанға ПТР анықтамасыз ұшып келген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –2 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Египет, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Telegram-каналына сілтеме жасап.
None
None

1 019 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 765 адам, анықтамасыз 254 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 852 жолаушы, анықтамамен - 652, анықтамасыз - 200;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 167 жолаушы, анықтамамен - 113; анықтамасыз - 54.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 1 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 150 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.


Соңғы жаңалықтар