26 ақпан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 26 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform / Midjourney

ЕСІМДЕР

73 жыл бұрын (1953) мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі Бірғаным Сарықызы ӘЙТІМОВА дүниеге келді.

Бірғаным Сарықызы ӘЙТІМОВА
Фото: abai.kz

Батыс Қазақстан облысында туған. Орал педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын орта мектептің оқытушысы, кеңшар комсомол комитетінің хатшысы, Орал облыстық комсомол комитетінің сектор, бөлім меңгерушісі, қалалық, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып бастаған. 1990-1993 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы. 1993-1996 жылдары ҚР Жастар ісі, туризм және спорт министрі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, 1996-2002 жылдары ҚР Израильдегі Төтенше және өкілетті елшісі, 2002-2004 жылдары ҚР Италиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Грекиядағы, Мальтадағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы. 2004-2007 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Білім және ғылым министрі, 2007-2013 жылдары ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі, 2007-2013 жылдары Куба Республикасындағы Елші міндетін қоса атқарушы, 2012-2013 жылдары Соломон аралдарындағы Елші міндетін қоса атқарушы, 2013-2019 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, 2014-2019 жылдары Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, 2017-2019 жылдары Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы қызметін атқарды.

61 жыл бұрын (1965) ҚР Жоғарғы Сотының судьясы (мүшесі), Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының мүшесі Абай Жамбылұлы РАХМЕТУЛЛИН дүниеге келді.

Абай Жамбылұлы РАХМЕТУЛИН
Фото: sud.gov.kz

Омбы облысында (РФ) туған. 1990 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Көкшетау қалалық заң консультациясында адвокат қызметінен бастады. 1992-1993 жылдары Көкшетау қалалық халық сотында әкімшілік және атқарушылық іс жүргізу судьясы, сондай-ақ халық судьясы лауазымында қызмет етті. 1993-1995 жылдары Көкшетау қалалық халық соты төрағасының орынбасары, 1995-1996 жылдары Көкшетау қалалық сотының төрағасы, 1996 жылы Көкшетау қалалық сотының төрағасы болып қайта тағайындалып, бұл қызметті 2002 жылғы маусымға дейін атқарды. 2002-2004 жылдары Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, 2004-2007 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, 2007-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы, 2012-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы, 2015-2016 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы, 2016-2019 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымын атқарған.
2019 жылғы шілдеден бастап — ҚР Жоғарғы Сотының судьясы (мүшесі), Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының мүшесі.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

58 жыл бұрын (1968) Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Кенжебайұлы ОРАЗБАЕВ дүниеге келді.

Нұрхат Кенжебайұлы ОРАЗБАЕВ
Фото: Gov.kz

Гурьев (қазіргі Атырау) облысында туған. 1991 жылы Гурьев педагогикалық институтын, 1997 жылы ҚР МТК Алматы жоғары тергеу мектебін, 2008 жылы РФ ІІМ Академиясын тәмамдаған.

Ішкі істер органдарындағы алғашқы еңбек жолын 1991 жылы бастаған. 1991-2019 жылдары орта және басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. 2019-2022 жылдары Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2022-2026 жылдары Атырау облысы полиция департаментінің бастығы қызметінде болды.

Қазіргі лауазымын 2026 жылдың қаңтар айынан бастап атқарып келеді.

53 жыл бұрын (1973) Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Рахметоллаұлы БИКЕНОВ дүниеге келді.

Нұрлан Рахметуллаұлы БИКЕНОВ
Фото: Gov.kz

Қарағанды облысы Нұра ауданында туған. Үш жоғары білімі бар — биолог, тарихшы және экономист.

Еңбек жолын Нұра ауданының Куйбышев кеңшарында жұмысшы болып бастаған. Содан кейін Захаровка ауылының мектебінде ұстаздық етті.

2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қатардағы маманнан бастап басшы лауазымдарына дейін еңбек жолынан өтті. Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімін басқарды. Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, Осакаров ауданы әкімінің орынбасары болды. 2016-2020 Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары.

2022 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

48 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Ермекұлы САҒЫНАЕВ дүниеге келді.

Ерлан Ермекұлы САҒЫНАЕВ
Фото: gov.kz

Ақмола облысында туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Солтүстік Қазақстан заң академиясын және Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде бастаған.

Әр жылдары ауданның Салық комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департаменттері мен орталық аппараттарындағы салалық басқармалар басшысы қызметтерін атқарды.

2008-2021 жылдары Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстары бойынша салық департаменттері басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2021-2025 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.

Қазіргі лауазымын 2025 жылдың тамызынан бастап атқарып келеді.

47 жыл бұрын (1979) «Парламентаризм институты» РМК директоры Наталья Виссарионовна ПАН дүниеге келді.

Пан Наталья Виссарионовна
Фото: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қарағанды облысы Абай қаласында туған. 1999 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2016 жылы Колумбия университетін (АҚШ) тәмамдаған. Мамандығы бойынша — халықаралық заңгер, экономист.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. 1999-2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, құқықтық сараптама бөлімі бастығының орынбасары, заңнаманы жүйелеу және құқықтық жаппай оқыту қызметтерін атқарған. 2003-2008 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің кеңесшісі, аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі болып қызмет атқарған. 2008 -2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі болып еңбек еткен. 2012-2014 жылдары ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төраға орынбасары, 2014-2016 жылдары ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, 2016-2017 жылдары ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры, 2017-2022 жылдары ҚР Әділет вице-министрі қызметін атқарды. Әлеуметтік жобалар және қоғамдық бастамалар орталығының жетекшісі, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі кеңестің мүшесі болды.

Қазіргі лауазымын 2025 жылдың маусымынан бері.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

45 жыл бұрын (1981) Жамбыл облысының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Мұрат Құттыбайұлы САУРЫҚОВ дүниеге келді.

Мұрат Құттыбайұлы САУРЫҚОВ
Фото: zhambylnews.kz

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында туған. Жамбыл университетін «Көлік инженері» мамандығы бойынша бітірген (2002); М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген (2006).

Еңбек жолы: 2005-2013 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Жамбыл облысы бойынша бас маманы, 2013-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары басқармасының басшысы, 2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары басқармасының басшысы, 2019-2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

2023 жылдың ақпанынан бері қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум