26 ақпан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 26 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

туған күн
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

71 жыл бұрын (1953) мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Сарықызы ӘЙТІМОВА дүниеге келді.

АЙТИМОВА Бырганым
Фото: egemen.kz

Батыс Қазақстан облысында туған. Орал педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын орта мектептің оқытушысы, кеңшар комсомол комитетінің хатшысы, Орал облыстық комсомол комитетінің сектор, бөлім меңгерушісі, қалалық, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып бастаған. 1990-1993 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы. 1993-1996 жылдары ҚР Жастар ісі, туризм және спорт министрі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, 1996-2002 жылдары ҚР Израильдегі Төтенше және өкілетті елшісі, 2002-2004 жылдары ҚР Италиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Грекиядағы, Мальтадағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы. 2004-2007 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Білім және ғылым министрі, 2007-2013 жылдары ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі, 2007-2013 жылдары Куба Республикасындағы Елші міндетін қоса атқарушы, 2012-2013 жылдары Соломон аралдарындағы Елші міндетін қоса атқарушы, 2013-2019 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, 2014-2019 жылдары Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, 2017-2019 жылдары Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы қызметін атқарды.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

59 жыл бұрын (1965) ҚР Жоғарғы сотының судьясы Абай Жамбылұлы РАХМЕТУЛЛИН дүниеге келді.

Абай РАХМЕТУЛЛИН
Фото: sud.kz

Омбы облысында (РФ) туған. 1990 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1990-2002 жылдары Көкшетау облыстық адвокаттар алқасының стажері, заң кеңесшісі, Көкшетау облысы әділет департаментінің жетекші маманы; судья, төраға орынбасары, Көкшетау қалалық сотының төрағасы, 2002-2004 жылдары Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер бөлімінің төрағасы, 2004-2007 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, 2007-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы, 2012-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы, 2015-2016 жылдары ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы кеңесінің төрағасы, 2016-2019 жылдары ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының төрағасы қызметін атқарды.

2019 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

51 жыл бұрын (1973) Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Рахметоллаұлы БИКЕНОВ дүниеге келді.

БИКЕНОВ Нурлан Рахметуллинович
Фото: Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы

Қарағанды облысы Нұра ауданында туған. Үш жоғары білімі бар – биолог, тарихшы және экономист.

Еңбек жолын Нұра ауданының Куйбышев кеңшарында жұмысшы болып бастаған. Содан кейін Захаровка ауылының мектебінде ұстаздық етті.

2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қатардағы маманнан бастап басшы лауазымдарына дейін еңбек жолынан өтті. Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімін басқарды. Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, Осакаров ауданы әкімінің орынбасары болды. 2016-2020 Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары.

2022 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

45 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі кеңестің мүшесі Наталья Виссарионовна ПАН дүниеге келді.

Пан Наталья Виссарионовна
Фото: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қарағанды облысы Абай қаласында туған. 1999 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2016 жылы Колумбия университетін (АҚШ) тәмамдаған. Мамандығы бойынша – халықаралық заңгер, экономист.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. 1999-2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, құқықтық сараптама бөлімі бастығының орынбасары, заңнаманы жүйелеу және құқықтық жаппай оқыту қызметтерін атқарған. 2003-2008 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің кеңесшісі, аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі болып қызмет атқарған. 2008 -2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі болып еңбек еткен. 2012-2014 жылдары ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төраға орынбасары, 2014-2016 жылдары ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, 2016-2017 жылдары ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры, 2017-2022 жылдары ҚР Әділет вице-министрі қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар