26 ақпанда республика жолдарындағы ахуал қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

26 ақпанда республика жолдарындағы ахуал қандай
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектелді:

Ақтөбе облысы

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтак — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1153-1240-шақырым аралығы (Ырғыз ауылы — Қызылорда облысының шекарасы);
• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-1153-шақырым аралығы («ЭКО Ойл» ЖЖС — Ырғыз ауылы).

Жамбыл облысы

• «РФ шекарасы — Мартөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 159-238-шақырымы аралығы (Кенен ауылы — Қайнар ауылы);
• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 750-893-шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Бурылбайтал ауылы).

Қарағанды облысы

• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 738-750-шақырым аралығы (Сарышаған кенті — Жамбыл облысы шекарасы).

Ұлытау облысы

• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 216-424 шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасы — Жезқазған қаласы).

Қызылорда облысы

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтак — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1912-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Бәйгеқұм ауылы);

• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 12-216-шақырым аралығы (Қызылорда қаласы — Ұлытау облысының шекарасы);

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1912-2055-шақырым аралығы (Бәйгеқұм ауылынан Түркістан облысы шекарасына дейін).

Түркістан облысы

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 2055-2095-шақырым аралығы (Қызылорда облысы шекарасынан Түркістан қаласына дейін).

Павлодар облысы

• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, Қазгидромет 26 ақпанда еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум