26 қаңтар. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 26 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
68 жыл бұрын (1958) ҚР Парламенті Сенатының Ақтөбе облысынан сайланған депутаты Бауыржан Нұрәліұлы ҚАНИЕВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. К.И.Скрябин атындағы Мәскеу ветеринарлық академиясын «Зооинженер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981-1983 жылдары Ақтөбе облысындағы «Мұғалжар» асыл тұқымды жылқы зауытының «Пригородный» совхозында малшы маманы болып бастады. 1983-1984 жылдары Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы «Қазақстан» кеңшарының бас мал маманы, 1984-1988 жылдары Қазақстан Компартиясы Мұғалжар аудандық комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, 1988-1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Мұғалжар аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1990-1991 жылдары Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық «Мұғалжар» агроөнеркәсіптік бірлестігінің төрағасы, 1991-1992 жылдары Ақтөбе облысы аудандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік басқармасы бастығының орынбасары, 1992 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы Ембен кеңшарының директоры, 1992-1996 жылдары Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы «Ембі» ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры, 1996-1999 жылдары Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы «Жем» АҚ президенті, 199-2004 жылдары Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы «Белқұдық» ЖШС директоры, 2004-2008 жылдары Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2009 жылдары Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі, 2009-2016 жылдары Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімі, 2016-2020 жылдары Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімі болып қызмет атқарған.
2020 жылдың тамыз айынан бері қазіргі қызметінде. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
65 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Сұлтанбек Алмасбекұлы МӘКЕЖАНОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Меркі ауданында туған. Целиноград инженер-құрылыс институтын, Халықаралық еңбек академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1993-1998 жылдары «Астана-банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақинвест» корпорациясының вице-президенті қызметін атқарды. 1998-2002 жылдары кәсіпкерлікпен айналысты. 2002-2004 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі, аппарат басшысы, 2004-2006 жылдары «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2006-2010 жылдары Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы, 2010-2016 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, 2016-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары, 2019-2020 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі қызметінде болды. 2020-2022 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қаңтар айынан бастап атқарып келеді. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
64 жыл бұрын (1962) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті директорлар кеңесінің төрағасы Дархан Қамзабекұлы МЫҢБАЙ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында туған. 1985 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша, 2006 жылы Шымкент университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 1978-1979 жылдары Шымкент облысы Сайрам ауданы «Қайнарбұлақ» ұжымшарының В.И.Ленин атындағы бөлімшесінде жұмысшы болды. 1985-1990 жылдары КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпараттық агенттіктің (ҚазТАГ) редакторы, аға редакторы, аға әдеби бақылаушы редакторы,
1990-1994 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесінің аппаратында аға консультант, аға референт, 1994-1996 жылдары «Өркен-Горизонт» республикалық газеттерінің бас редакторы, 1996-1997 жылдары «Қазақстанның телевидениесі мен радиосы» республикалық корпорациясының вице-президенті, 1997-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. 2002-2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі департаментінің бастығы, 2004-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының әкімі, 2006-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2008 жылы ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінде болды. 2008-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылдың қаңтар айында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. 2013-2017 жылдары ҚР Ұлттық мұражайының директоры, 2017-2018 жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орыбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі, 2018-2021 жылдары ҚР Парламент Мәжілісі VI шақырылым депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі, 2021-2023 жылдары ҚР Парламент Мәжілісі VII шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы қызметін атқарған.
«Құрмет» орденімен (2009), «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарімен марапатталған.
63 жыл бұрын (1963) «Элитқұрылыс групп» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Бекзат Қазиұлы САРМАНОВ дүниеге келді.

Омбы қаласында туған. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының жалпы құрылыс факультетін «Өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1999-2007 жылдары «Элитқұрылыс» ЖШС бас директоры, 2007 жылы «Элитқұрылысгрупп» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы қамқоршылық кеңесінің мүшесі, 2007 жылы «FILA» Сенаторлық клубының мүшесі болды. 2005-2008 жылдары Қазақстан Күрес ассоциациясының президенті, 2008 жылы «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының» президенті болып қызмет атқарған. 2010 жылдан бастап – ҚР Күрес федерациясының құрметті президенті.
30 жыл бұрын (1986) Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ернар Мерғалымұлы ЛАЗАР дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 2006 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінде бастаған. 2007-2010 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, 2011- 2013 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, 2013-2017 жылдары Қазақстанның Нидерландтағы екінші, бірінші хатшысы, 2017-2018 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің кеңесшісі лауазымдарында қызмет атқарған. 2018 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саяси және халықаралық байланыстар бөлімінің консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында қызмет етті. 2023 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды. 2023-2025 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі болды.
Қазіргі қызметіне 2025 жылғы қыркүйекте кірісті.
78 жыл бұрын (1948-2022) фантаст-жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нарбин КЕНЖЕҒҰЛОВА дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
«Қазақстан ауыл шаруашылығы» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің жетекші маманы, Республикалық кітап палатасы директорының орынбасары, Жазушылар одағында көркем аударма және әдеби байланыстар алқасының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1994 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетінде ұстаздық қызметте болған. Шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде жазады. «Мойылқара», «Қиын шешім», «Жерұйыққа саяхат», «Қызыл сәуле» т. б. фантастикалық шығармалар жинақтарында оның әңгіме-повестері жарияланған. Кейінгі жылдары «Дорогу осилит идущий» ғұмырнамалық хикаяты, Т.Айтбайұлынан тәржімалаған «Мың бір түн және мың бір күн» романы жарық көрген.