26 қараша. Туған күн иелері
 
                                              ЕСІМДЕР
 61 жыл бұрын (1957) Семей қаласының әкімі  Ермак Бидахметұлы CӘЛІМОВ дүниеге келді.
 61 жыл бұрын (1957) Семей қаласының әкімі  Ермак Бидахметұлы CӘЛІМОВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында туған. 1981 жылы Қазақ саяси техникалық институтын тау инженер-маркшейдері мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік құқықтық академиясын заңгер мамандығы бойынша аяқтады.
Өз еңбек жолын ШҚО Глубокое ауданы Ертіс полиметалл комбинатының Березовский кен орнында шахтының жерасты тау шебері болып бастады.  1985 жылдан 1987 жылға дейін қауіпсіздік техникасы бойынша бас инженердің орынбасары, Ертіс кен орнының №3 жерасты тау учаскесінің бастығы болып жұмыс атқарды. 1987-1989 жылдары - Ертіс кен орны партиялық бюросының хатшысы. 1989-1994 жылдары - ШҚО Глубокое ауданы Ертіс полиметалл комбинаты Ертіс кен орнының №3 жерасты тау учаскесінің бастығы. 1994-1996 жылдары - ШҚО Глубокое әкімдігі басшысының бірінші орынбасары. 1996-1997 жылдары - Глубокое ауданы «Ертіс полиметалл комбинаты» акционерлік қоғамының сенімді басқарушысы. 1997-1999 жылдары - Глубокое ауданы әкімінің орынбасары. 1999-2000 жылдары - Глубокое ауданы «Ертіс мыс балқыту зауыты» ЖШС,  «Тау-кен байыту комбинаты» ЖШС конкурстық басқарушысы. 2001-2008 жылдары - Глубокое ауданы әкімінің орынбасары. 2008-2009 жылдары - ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы. 2009 жылдың шілдесінен 2009 жылдың қарашасына дейін ШҚО Риддер қаласының әкімі. 
 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2010-2015 жылдары Зырян ауданының әкімі. Қазіргі қызметінде 2015 жылдан.
58 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  Бауыржан Әлімұлы МҰХАМЕДЖАНОВ  дүниеге келді.
Жамбыл облысының Меркі ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітірген.
1983-1990 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы. 1990-1994 жылдары - Жоғарғы Кеңес Төрағасының аға консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, хатшылық меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің заң және құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президент аппаратының заң шығару бастамасы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігі заңнама және құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі, ҚР Жоғарғы сот кеңесінің хатшысы. ҚР Жоғары тәртіптік кеңесінің мүшесі, ҚР Президент Әкімшілігінің заң және сот-құқықтық жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімнің меңгерушісі. 1997-2000 жылдары - ҚР Әділет министрі. 2000-2002 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2002-2003 жылдары - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2003-2005 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2005-2009 жылдары - ҚР Ішкі істер министрі қызметтерін атқарған. 2009 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. 2011-2013 жылдары - Маңғыстау облысының әкімі. ҚР-ның Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі және ҚР-ның Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы (2013-2018).
Қазіргі қызметін атқаруға 2018 жылғы мамырда кірісті.
ІІІ дәрежелі «Барыс» (2004), «Парасат» (1999) ордендерімен; «10 жыл Астана» (2008) медалімен; ҚР Құрмет грамоталарымен; Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Армения, Әзербайжан, Грузия, Украина, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты мемлекеттердің 20-дан астам медалімен наградталған.
 
 
57 жыл бұрын (1961) Шахтинск қаласының әкімі Сержан Жаңабекұлы АЙМАҚОВ дүниеге келді.
Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында дүниеге келді. 1983 жылы Қарағанды Политехникалық институттың инженер-механик мамандығын оқып шығады; 2001 жылы Заманауи гуманитарлық институтын тәмамдап экономика бакалавры дәрежесін иеленеді; Қазақ және орыс тілдерін жіті біледі. 1978 жылдан Қарағанды политехникалық институттың студенті. 1983 жылдан бастап Қарағанды облысының Тұтыну одағының автобазасының Қарқаралы автоколоннасының механигі болып жұмыс атқарады. 1987 жылдан бастап Қарағанды облысының, Қарқаралы ауданының ҚР ЛКСМ-ның 2 хатшысы болады. 1989 жылдан бастап Қарқаралы аудандық аукомның Компартиясының нұсқаушысы болады. 1990 жылы қалалық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары болып, Қарқаралының қалалық әкімшілігінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 1994 жылдан Қарқаралы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалады. 1997 жылдан Қарқаралы ауданы салық комитетінің төрағасы болады. 2000 жылдың маусым айынан Қарқаралы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалады. 2007 жылдан Қарағанды облысының құрылыс басқармасының басшысының орынбасары. 2010 жылдың тамызынан Қарқаралы ауданының әкімі болып тағайындалады. 2011 жылдың қазанынан бастап Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі лауазымын атқарды. Қазіргі қызметте 2015 жылғы маусым айынан.
 57 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі Үмбетбай Ақпарұлы МАҒЗҰМОВ дүниеге келді.
 57 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі Үмбетбай Ақпарұлы МАҒЗҰМОВ дүниеге келді.
 
 Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ауылшаруашылық өндірісінің экономист- ұйымдастырушысы мамандығымен бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының әкімдігінде, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінде, «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде қызмет еткен. 2009-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі. 2014-2016 жылдары - Астана қаласы әкімінің көмекшісі.
Қазіргі қызметінде - 2016 жылдан бері.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 4 мерейтойлық медальдармен наградталған.
  50 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Өмірсадықұлы РЫСКЕЛДІНОВ дүниеге келді.
 50 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Өмірсадықұлы РЫСКЕЛДІНОВ дүниеге келді.
Бұрынғы Талдықорған облысында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «мал дәрігері» мамандығы бойынша, 2008 жылы «Фемида» заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2004-2007 жылдары Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары, 2007-2012 жылдары Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болған. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкімі (2012-2018).
Қазіргі қыметін атқаруға 2018 жылғы мамыр айында кірісті.
  48 жыл бұрын (1970)  Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  Төлежан Тұрсынұлы БАРЛЫБАЕВ дүниеге келді.
 48 жыл бұрын (1970)  Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  Төлежан Тұрсынұлы БАРЛЫБАЕВ дүниеге келді.
Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. 1992 жылы Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетті тәмамдаған.
Түрлі жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде, ҚР Президент Әкімшілігінде еңбек еткен.
Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың мамырынан.
 39 жыл бұрын (1979) Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Алмат Мешітбайұлы БАБАТОВ дүниеге келген.
 39 жыл бұрын (1979) Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Алмат Мешітбайұлы БАБАТОВ дүниеге келген.
Ол Қызылорда қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (2001).
Еңбек жолы: Астана қаласы Әділет депертаменті нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінде жетекші маманы (2001-2002); Павлодар облысы Әділет басқармасының жетекші, бас маманы (2002-2003); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші, бас маманы (2003-2005); Астана қаласы Соттар әкімшісінің сот орындаушысы (2005-2006); Астана қалалық сотының бас маманы (2006); Астана қаласы Соттар әкімшісінің сот орындаушысы (2006-2007); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (2007); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті кадр жұмысы бөлімінің бас маманы (2007-2008); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті соттардың қызметін ұйымдастыру басқармасының сарапшысы (2008); Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясының бас маманы (2008-2009); Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы (2009-2013); Қызылорда қалалық сотының төрағасы (2013-2017).
Қазіргі лауазымын 2017 жылдан бері атқарып келеді.