26 қараша. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 26 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
54 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Төлежан Тұрсынұлы БАРЛЫБАЕВ дүниеге келді.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. 1992 жылы Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару институты Дипломатия академиясын тәмамдаған.
Әр жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде, ҚР Президент Әкімшілігінде лауазымды қызметтер атқарған.
Еңбек жолы: 1994-1997 жылдары Украинадағы Қазақстан Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы. 1998-2002 жылдары ҚР СІМ сыртқы саясаттағы іс-шараларды жоспарлау және ақпараттық талдау басқармасының І хатшысы, Украинадағы Қазақстан елшісінің кеңесшісі, І хатшы. 2002-2003 жылдары СІМ Еуропа мен Америка департаменті жалпысаяси проблемалар бөлімінің басшысы, СІМ талдау хатшылығының бөлім басшысы. 2003 жылы СІМ халықаралық келісімдер мен халықаралық құқықтық департамент басшысы. 2003-2007 жылдары ҚР Польшадағы елшісінің кеңесшісі. 2007-2008 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде бас инспектор, 2008-2009 жылдары сектор меңгерушісі, 2009-2012 жылдары сектор меңгерушісінің орынбасары. 2012-2017 жылдары ҚР Президенті әкімшілігі сыртқы саясат орталығы меңгерушісі болып қызмет атқарған.
2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
48 жыл бұрын (1976) Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы ҚАРАШӨКЕЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құқықтану бакалаврын бітірген (1997), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экономика және құқық институтының экономика магистрі (1999).
Еңбек жолы: 1998-1999 жылдары ҚР Статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы. 1999-2001 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты. 2002-2003 жылдары «Медикус Центр» ЖШС БК қаржы директоры, Ақтөбе қаласындағы филиал директоры, батыс өңірі бойынша директоры. 2003-2006 жылдары қаржы департаментінің директоры - «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ басқарма мүшесі. 2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігі жиынтық-талдау департаментінің директоры. 2007 жылы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры. 2007-2009 жылдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы. 2010-2012 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» РМК бас директоры. 2012-2013 жылдары «ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бас директоры. 2013-2016 жылдары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2016-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2019 жылы ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы. 2019-2021 жылдары «ҚазАгро» Холдингі» АҚ Басқарма төрағасы. 2021 жылы ҚР Қаржы вице-министрі, 2021-2023 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы - вице-министр.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
45 жыл бұрын (1979) Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Алмат Мешітбайұлы БАБАТОВ дүниеге келген.

Қызылорда қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (2001).
Еңбек жолы: 2001-2002 жылдары Астана қаласы Әділет департаменті нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінде жетекші маманы. 2002-2003 жылдары Павлодар облысы Әділет басқармасының жетекші, бас маманы. 2003-2005 жылдары ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші, бас маманы. 2005-2006 жылдары Астана қаласы Соттар әкімшісінің сот орындаушысы. 2006 жылы Астана қалалық сотының бас маманы. 2006-2007 жылдары Астана қаласы Соттар әкімшісінің сот орындаушысы. 2007 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы. 2007-2008 жылдары ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті кадр жұмысы бөлімінің бас маманы. 2008 жылы ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті соттардың қызметін ұйымдастыру басқармасының сарапшысы. 2008-2009 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясының бас маманы. 2009-2013 жылдары Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы. 2013-2017 жылдары Қызылорда қалалық сотының төрағасы. 2017-2020 жылдары Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы. 2020-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметін атқарып келеді.
45 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Даниель Мерейұлы УАИСОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Құқықтану академиясын – «Әділет» жоғары заң мектебін бітірген (2001); Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (2004), Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген, Іскерлік басқару магистрі (2018).
Еңбек жолы: «Kazakhstan Legal Group» ЖШС заңгері, ТұранӘлем Банкі (1999-2002), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық комитетінің бас маманы (2002-2003), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бас заңгері, аға заңгер-директордың орынбасары, «Аджип ККО» мекемесінің техникалық тобында заңгер, Лондон, аға заңгер, бас заңгер, бірінші санатты заңгер (2003-2010), Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры (2010), «PSA» ЖШС құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры (2010-2017), Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор, «PSA» ЖШС директорлар кеңесінің мүшесі (2017-2023).
2023 жылдың ақпан айынан бері қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
41 жыл бұрын (1983) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет мүшесі Айдарбек Асанұлы ҚОЖАНАЗАРОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін, Данди қаласының Университетін (Шотландия), Гарвард бизнес мектебін аяқтаған.
Еңбек жолы: 2006 жылы Islamic Banking БТА банк басқарма бастығы. 2009-2015 жылдары БТА банкінің БАӘ Дубай қаласындағы өкілдігінің басшысы, «Olzha Holding» құрамына кіретін компаниялар тобындағы басқарушы қызмет атқарды. 2015-2016 жылдары «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары; 2016-2017 жылдары «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы. 2017-2023 жылдары «Иволга-Холдинг», «Олжа Агро» ЖШС бас директоры.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен (2022), «Ерен еңбегі үшін» (2017); «Халық алғысы» (2020), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен марапатталған.