26 мамыр. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 26 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

26 мамыр. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

51 жыл бұрын (1974) Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Исембекұлы БАЙГЕЛДІ дүниеге келді.

Байжан Исембекұлы БАЙГЕЛДІ
Фото: Gov.kz

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында туған. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1996-1997 жылдары Жамбыл қаласы Орталық аудандық прокуратурасының тергеушісі, 1997-1999 жылдары Мемлекеттік тергеу комитетінің Жамбыл Орталық ауданы бойынша тергеу бөлімінің тергеушісі, 1999-2001 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданы прокурорының орынбасары, 2001-2003 жылдары Тараз қаласы мемлекеттік прокуратура органдарының қызметіндегі заңдылықты қадағалау бөлімінің аға прокуроры, 2003-2004 жылдары Жамбыл облысы прокуратурасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, қаржы полициясы және кеден органдарында алдын ала тергеудің, анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, 2004-2005 жылдары Тараз қалалық прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, 2005-2006 жылдары Жамбыл облысы ІІД Тергеу басқармасының бастығы, 2006-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Шымкент қалалық ІІБ Абай аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, 2012-2018 жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Ішкі істер департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, 2018-2023 жылдары Жамбыл облысының полиция департаменті бастығының орынбасары, 2018-2023 жылдары Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2023-2024 жылдары Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында болды.

2024 жылдың шілде айынан бері қазіргі қызметінде.

50 жыл бұрын (1975) Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Арман Молдиярұлы ОРАЗАЛИЕВ дүниеге келді.

Арман Молдиярұлы ОРАЗАЛИЕВ
Фото: Gov.kz

Оңтүстік Қазақстан (Түркістан) облысы, Шымкент қаласында туған.

1996 жылы Қазақстан Республикасы ГСК Алматы жоғары мектебін заңгер мамандығы бойынша бітірген, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясы Ішкі істер департаментінің басқарушы кадрларды даярлау институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік тергеу басқармасының анықтаушысы, 1996-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша УГСК УЭП қаржы-несие және экономика саласындағы қылмыстарды тергеу бөлімінің анықтаушысы, 1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ОроЭП және УГУРОПК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс бойынша детективі, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер Бас басқармасы криминалдық полиция қызметінің бопсалаумен күрес жөніндегі аға анықтаушысы, 1997-1999 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының оныншы басқармасының аға жедел уәкілі, Ішкі істер Бас басқармасы Тергеу комитеті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бопсалаумен күрес бөлімінің аға жедел уәкілі болды.

1999 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 10-шы басқармасы бастығының орынбасары, 1999-2001 жылдары Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының ОБОП бастығы, 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер Бас басқармасы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 2-бөлім бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер Бас басқармасы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының Шымкент қаласы, Сайрам және Төлеби аудандары бойынша ОБОП бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер Бас департаментінің Алтыншы басқармасы (ОБОП) Шымкент қаласы, Сайрам және Төлеби аудандары бойынша ОБОП бөлімінің бастығы, 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер Бас департаменті Қылмыстық іздестіру басқармасы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің аса қауіпті қылмыстарды ашу және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер Бас басқармасы Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер Бас басқармасының Шымкент қалалық 1-ОП бөлімінің бастығы, ҚР Ішкі істер министрлігі ҚАП Арнайы полиция басқармасының бастығы, 2007-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2009-2010 жылдары Астана қаласы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2010-2011 жылдары Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, 2012-2018 жылдары Қазақстан  Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары, 2018-2020 жылдары Жамбыл облысының Полиция департаментінің (ішкі істер) бастығы болды.

2023 жылдың мамыр айынан бері қазіргі қызметінде.

49 жыл бұрын (1976) Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы ҚАРИН дүниеге келді.

 Ерлан Тынымбайұлы ҚАРИН
Фото: Akorda

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. 1998 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан даму институтының Саяси зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 2000-2003 жылдары Орталық Азия саяси зерттеу агенттігінің директоры, 2004-2006 жылдары терроризмге қарсы орталық бағдарламасының директоры қызметін атқарды. 2006-2008 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болды. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2008-2013 жылдары «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды. 2014-2017 жылдары Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының басшысы. 2017-2019 жылдары «Қазақстан» РТРК Басқарма төрағасы. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы.

2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

2010 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

49 жыл бұрын (1976) Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Оксана Анатольевна СОПРУН дүниеге келді.

 Оксана Анатольевна СОПРУН
Фото: Gov.kz

Украинаның Виница облысы, Могилев-Подольский қаласында туған.

Ақтөбе темір жол көлігі колледжін, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және кейін құрылыс мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1999 жылы «Султан Маркетинг» ЖШС, 2000-2001 жылдары «ISIS Агенттігі» ЖШС атқарушы директоры, 2003 жылы «Жастар үйі», 2003-2004 жылдары «Арт-Ойл» ЖШС директоры, «Бико» баспасының Алматы филиалының меңгерушісі, 2005 жылы «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ жетекші маманы, бас маманы, 2011-2015 жылдары «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» ММ Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы, 2015-2017 жылдары «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы, 2017-2018 жылдары «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2018-2024 жылдары Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы болды.

2025 жылғы қаңтардан бастап қазіргі қызметінде.

33 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Русланқызы ОВЕЧКИНА дүниеге келді.

ОВЕЧКИНА Юлия Руслановна
Фото: Gov.kz

Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институтын бітірген.

Еңбек жолы: 2019 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған 300 қазақстандықтың қатарына қосылды, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары, Тұлғаның моральдық-рухани дамуын және ақпараттық қамтамасыз етілуін, қауіпсіз ортаны және балалардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуді қадағалайды.

Қазіргі лауазымын 2024 жылдың мамыр айынан бастап атқарып келеді.

68 жыл бұрын (1957-2021) Қазақстанның мемлекет, саясат қайраткері Қабылсаят Әзімбайұлы ӘБІШЕВ дүниеге келді.

Қабылсаят Әзімбайұлы ӘБІШЕВ
Фото: zqai.kz

Қарағанды облысында дүниеге келген. 1978 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түсті. Оны бітірген соң университет кафедрасының оқытушысы болып қалдырылды.

1986-1989 жылдары Қазақ КСР-і Ғылым академиясының Философия және құқық институтының аспиранты болды. 1991-1994 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарған.

1994 жылы ХІІІ шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесіне Жезқазған облысынан депутат болып сайланды. Конституциялық заңдар және адам құқықтары жөніндегі комитеттің хатшысы болды. 2002-2008 жылдары – ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі.

«Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» және «Астана» медальдарымен наградталған.

Тарих және құқық бойынша 40-тан астам ғылыми және ғылыми-танымдық мақаланың авторы.

Соңғы жаңалықтар