26 маусым. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 26 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

61 жыл бұрын (1964) «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы Сәбит Ғалымұлы МАЛДЫБАЕВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1990 жылы Қостанай педагогикалық институтын филолог мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы: 1980-1983 жылдары Сергеевский Мәдениет үйінің басшысы қызметін атқарды, 1983-1985 жылдары Қостанай педагогикалық институтында оқыды, 1985-1987 жылдары Кеңес Армиясы қызметінде болды, 1987-1990 жылдары Қостанай педагогикалық институтында оқуын жалғастырды. 1990-1998 жылдары Сергеевск аудандық «Новатор» газетінде журналист, бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары, 1998 жылы Сергеевск аудандық «Новатор» газетінің бас редакторы, 1998-2000 жылдары «Кешкі Астана» газетінің тілшісі, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы, «Аграрлық Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторының орынбасары, 2006-2008 жылдары Батыс Қазақстан облыстық «Приуралье» газетінің бас редакторы, Орал қаласы, 2008-2009 жылдары арнайы тілші, «Казахстанская правда» ААҚ-ның экономика бөлімінің редакторы, 2009-2011 жылдары «Казахстанская правда» газетінің бас редакторының орынбасары қызметін атқарған. 2011 жылдан бастап «Казахстанская правда» республикалық газетінің редакторы болды.
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
58 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Саян Қылышұлы АХМЕТЖАНОВ дүниеге келді.

Ақмола облысында дүниеге келген. 1991 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2022-2023 жылдары KAZGUU M. Narikbaev University магистратурасын бітірген.
Еңбек жолы: 1991-1996 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының жалпы қадағалау бөлімінің тағылымдамадан өтушісі, прокурордың көмекшісі, аға тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, аға прокуроры болды. 1998-1999 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құқықтық сараптама бөлімінің консультанты, 2002-2003 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2003-2005 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы, 2005-2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, құқық қорғау жүйесі бөлімінің бас инспекторы, сектор меңгерушісі, 2007-2011 жылдары ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның хатшысы және мүшесі, 2011-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 2014-2015 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, 2015-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы, 2016-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы, 2019-2020 жылдары ҚР Орталық сайлау комиссиясының аппарат басшысы, 2020-2022 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысы, 2022-2024 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметіне 2024 жылдың мамыр айында кірісті.
«Құрмет» (2011) және «Парасат» (2018) ордендерімен марапатталған.
56 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты Нұржан Кемерұлы ӘШІМБЕТОВ дүниеге келді.

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Черное ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Алматы зооветеринария институтын зооинженер мамандығы бойынша, 2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша және 2014 жылы Ресей ұлттық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік және муниципалды басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1993-1994 жылдары «Сауле» концернінің қызметкері, 1994-1995 жылдары «Мақсат» жастар тұрғын кооперативінің мүшесі, 1995-1996 жылдары Мемлекеттік мүлік бойынша Павлодар аумақтық комитетінің маманы, бас маманы, 1995-1996 жылдары USAID жобасы шегіндегі «Карана» корпорациясының кеңесшісі. 1996-1997 жылдары «Remek» консалтингтік фирмасының директоры қызметінде болды. 1997-1998 жылдары К. Әшімбетов атындағы өндірістік кооперативтің төрағасы, 1998-1999 жылдары «Кемер» агрофирмасының директоры, 1999-2001 жылдары Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары, 2001-2006 жылдары Лебяжі ауданының әкімі, 2006-2008 жылдары Павлодар облысы ауыл шаруашылығы департаментінің басшысы (басқарма басшысы), 2008-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2009-2012 жылдары Петропавл қаласының әкімі, 2012-2016 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, 2016-2018 жылдары Павлодар қаласының әкімі, 2018-2019 жылдары Екібастұз қаласының әкімі, 2021 жылы Ақсу қаласының әкімі қызметінде болды. 2019-2020 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің алтыншы сайланған депутаты.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» және «Астана 20 жыл» медальдарімен марапатталған.
51 жыл бұрын (1974) Қостанай қаласының әкімі Марат Қонысбайұлы ЖҮНДІБАЕВ дүниеге келді.

1997 жылы А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, 2002 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, 2009 жылы Халықаралық бизнес университетін бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты.
Еңбек жолы: 2013-2015 жылдары Лисаковск қаласының әкімі, 2015-2020 жылдары Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымында қызмет етті.
2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
50 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Еркебұлан Оңалбекұлы СӘПИЕВ дүниеге келді.

Мәскеу қаласында туған. 1998 жылы Анкара университетін, 2017 жылы Айдын Ыстанбұл университетін Экономика бакалавры, саясаттану және халықаралық қатынастар магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Қаржы министрлігінде жетекші экономист болып бастады және басқарма бастығы лауазымына дейін қызмет етті. 2003 жылы Алматы қаласының «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып жұмысқа ауысты. 2004-2006 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі болды. ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесіндегі дипломатиялық мансабын 2006 жылғы маусымда Түркия Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің кеңесшісі қызметінен бастады. Кейіннен осы Елшіліктегі кеңесші-уәкілі болып тағайындалды. СІМ Орталық аппаратында 2011-2014 жылдары Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Түркия департаменті директорының орынбасары, сондай-ақ Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2014-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы (Түркия) Бас консулдығын басқарды. 2018 жылдың қыркүйек айында Түркістан облысының әкімдігіне ауысып, онда 2019 жылдың наурызына дейін әкімнің кеңесшісі қызметін атқарған. 2019-2022 жылдары Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі болды. 2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болған.
2025 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
47 жыл бұрын (1978) Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Дамир Мақсұтұлы ЕРМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылында туған. 1998 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.
Құқық қорғау органдарында 1995 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.
II және I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.
46 жыл бұрлын (1979) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әділхан Сырлыбайұлы САҒЫНДЫҚОВ дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. 2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2005 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы «КИП ТехСнаб» ЖШС-де экономист болып бастаған. 2002-2005 жылдары «Атамекен» қоғамдық қайырымдылық қорының халықаралық экономикалық істер жөніндегі директорының орынбасары, 2005-2009 жылдары «Штаттық ұлттық құрама командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК-да экономист-қаржыгер (2005-2008), таеквондодан мемлекеттік жаттықтырушы (2008-2010), 2010-2011 жылдары Астана қаласының «Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ спорт жөніндегі басқармасының бастығының орынбасары, 2011-2015 жылдары «Олимпиадалық резервті даярлау орталығы» МКҚК директоры, 2015-2016 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті — Армия орталық спорт клубының коммерциялық мәселелер және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі төрағасының орынбасары қызметінде болды. 2017-2019 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты. 2020-2021 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының Басқарушы директоры лауазымын атқарған. 2021-2022 жылдары Қазақстан Таеквондо (WT) федерациясының бас хатшысы қызметін атқарды.
Қазіргі лауазымына 2025 жылдың наурызында кірісті.
Таэквондодан (WT) ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері, «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
45 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Мықтыбекұлы СҮЙІНДІКОВ дүниеге келді.

Түркістан облысында туған. 2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2018-2020 жылдары Мәскеу қаржылық-өнеркәсіптік «Синергия» университетінде «МВА — «Стратегиялық менеджмент» бағдарламасы бойынша білім алып, «Іскерлік басқару шебері» біліктілігіне ие болды. Ресей халықтар достығы университетінің қосымша кәсіптік білім курсын меңгеріп, 2021 жылы мемлекеттік және муниципалдық басқару саласындағы біліктілігі туралы диплом алды. 2022 жылы «Халықаралық құқық саласындағы заңгер» профилі бойынша В. Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетінің құқықтану магистрі дәрежесі берілді.
Еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қалалық прокуратурасында құқықтық статистика және ақпарат маманы қызметінен бастаған. «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік аймақтық телекоммуникациялар дирекциясында заңгер болып жұмыс істеген. 2001-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі, Шымкент қалалық прокуратурасының мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот қаулыларының және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған. 2005-2010 жылдары ҚР Бас прокуратурасында Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау Департаментінің қаржы-несие саласында заңдардың қолданылуына қадағалау бөлімінің аға прокуроры, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың қолданылуына қадағалау бөлімінің бастығы, Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі — ҚР құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесінің Хатшысы лауазымдарында жұмыс істеді. 2010-2011 жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры, 2011-2016 жылдары Бас прокуратураның Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау Департаменті басқармасының бастығы, Департамент бастығының орынбасары, 2016-2018 жылдары Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдан коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдар атқарған, 2020 жылдан ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі болды.
2009-2010 жылдары, сондай-ақ 2011-2016 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Ресми өкілі фунцияларын атқарды. 2022-2023 жылдары ҚР Бас прокуратурасының стратегиялық даму департаментінің бастығы, 2023 жылы ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы қызметінде болды.
Қазіргі лауазымын 2023 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі сыныптық шені берілген.
ҚР Бас Прокурорының алғыстары мен құнды сыйлықтарымен, «І-ші дәрежелі Прокуратура үздігі» төсбелгісімен, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен марапатталған.