26 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде импорт алмастыруды дамыту, өрт қаупі бар кезеңге дайындық тақырыбы қаралады.
15.00-де Нұр-Сұлтан қаласында «AMANAT» партиясының партияның кезектен тыс XXIII Съезі өтеді. Шара барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы мәселесін қарау жоспарланып отыр.
15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында геральдикалық зерттеулер орталығы және Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп, Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай Елтаңба авторы, профессор, «Барыс» орденінің иегері, сәулетші Жандарбек Мәлібекұлымен рухани-патриоттық кездесу өткізеді.
19.00-де Discovery Space коворкинг-орталығында «Мама, мен тірімін» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтеді.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қорғансыздың күні» драмасы қойылады.
19.00-де Жастар театрында «Өмір» драмасы көрсетіледі.