26 тамызда Алматыда суық су өшіріледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда су құбыры желілерінде технологиялық жабдықтарды ауыстыру жұмыстары жалғасып жатыр. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына ертең, 26 уақытша суық су уақытша берілмейтіні ескертілді.
«Алматы Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше, 26 тамызда сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін Әуезов, Бостандық және Наурызбай аудандарындағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады.
Шектеулер келесі көшелер аумағында енгізіледі:
• Абылай даңғылы – Сайын көшесі – Шаляпин көшесі – Әшімов көшесі;
• Шаляпин көшесі – Сайын көшесі – Жандосов көшесі – Яссауи көшесі;
• Жандосов көшесі – Үлкен Алматы өзені – әл-Фараби даңғылы – Сайын көшесі;
• Жандосов көшесі – Сайын көшесі – Асқаров көшесі – Қарғалы өзені;
• Дулати көшесі, Хан-Тәңірі ықшамауданы.

Мамандардың хабарлауынша, жұмыстарды жүргізу кезінде Алтынсарин даңғылы – Шаляпин көшесі – Сайын көшесі – Абылай даңғылы аудандарында судың қысымы төмендеуі мүмкін.
– «Алматы Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұтынушылардан техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты туындаған уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрайды, - делінген хабарламада.
Қала тұрғындары қосымша ақпарат алу үшін 274-66-66 нөміріне хабарласа алады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда су құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты Мыңбаев көшесінің жекелеген бөліктерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлаған едік.