26 тамызда болатын маңызды іс-шаралар анонсы

АСТАНА. KAZINFORM  – Kazinform  Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда  26 тамыз күні болатын маңызды іс-шаралардың анонсын ұсынады.

анонс
Фото: Kazinform

Сағат 09.30-да Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ АстЗҚ баспасөз турын өткізеді. Өтетін орны: А.Петров к-сі, 5.

10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

10.00-де «Ашық қоғам – қолжетімді орта: ерекше балалар мемлекеттік саясаттың назарында» атты дөңгелек үстел өтеді. Өтетін орны: Hilton Garden Inn Astana, Қабанбай батыр даңғылы, 15.

10.00-де Respublica партиясы Президенттік орталықпен бірлесіп Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған сараптамалық кездесу өткізеді. Өтетін орны: Президенттік орталық.

15.00-де Елорда қоғамдық кеңесінің «Астана. Ақылды қала бүгін басталады» диалог алаңы. Өтетін орны: Бейбітшілік көшесі, 11.

16.00-де ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «MJ Logistic LTD» ЖШС тарифі мен тарифтік сметасын бекіту бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді. Өтетін орны: А.Петров к-сі, 5.

17.00-де ҚР Оқу-ағарту министрлігінде министр Ғани Бейсембаевтың төрағалығымен кеңес өтеді.

Соңғы жаңалықтар