26 тамыз. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 26 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған.
Еңбек жолы: Талдықорған облысы Киров аудандық санитария-эпидемиология станциясының санитария бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігері (1974-1981); Қазақстан Коммунистік партиясы Талдықорған облыстық комитетінің нұсқаушысы (1981-1987); Талдықорған қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары (1987-1988); Талдықорған облыстық коммунистік партияның жауапты ұйымдастырушысы, нұсқаушы (1988-1989); Қазақстан коммунистік партиясының Алматы облыстық комитетінің нұсқаушысы (1989-1991); Алматы облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері (1991-1994); Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитар дәрігері (1994-1996); Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медицина орталығының басшысы (08.1996-09.2006); Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі (20.09.2006-19.11.2008); Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысы (27.07.2009-11.2013); Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы (11.2013-08.2014); «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы төрағасының кеңесшісі.
«Құрмет» орденінің иегері (2006). Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 100-ден астам ғылыми еңбек авторы.

Қазіргі Түркістан облысының Төлеби ауданында туған. Білімі жоғары, мамандығы – ғалым агроном, экономист.
Еңбек жолын 1988 жылы Алматы облысы Талғар ауданының Мичурин атындағы колхозында колхозшы болып бастаған. 1992-1994 жылдары – «Бақтілеу» фирмасының халық тұтынатын тауарларын тарату цехының бастығы. 1994-1995 жылдары – «Бақтілеу» фирмасы директороның коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары. 1995-2000 жылдары – «Заман» ЖШС директорының орынбасары. 2000-2001 жылдары – «Корпорация НИМЭКС» ЖШС аға менеджері. 2001-2005 жылдары – «Корпорация НИМЭКС» ЖШС Түркістан қаласындағы директоры. 2005-2006 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы «Корпорация НИМЭКС» ЖШС Шардара ауданы мақта зауытының директоры. 2006 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары. 2006-2009 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі. 2009-2010 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі ұйымдастыру-аумақтық және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2010 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2016-2021 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісінің (VI шақырылым) депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет мүшесі
2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

Алматы қаласында туған. 1993 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетін, 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітрген.
Еңбек жолы: 1993-1994 жылдары – «Казкоммерцбанк» Акционерлік қоғамының Валюта реттеу департаменті басшысының орынбасары.1994-1998 жылдары – «Дәукен» ЖШС атқарушы директоры.1998-2000 жылдары – Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің менеджері. 2000-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші және бірінші хатшысы. 2004-2005 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Экономика және гуманитарлық істер жөніндегі департаментінде басқарма басшысы, бөлім бастығы. 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы (БАӘ) Бас консулдығының бірінші хатшысы. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әміріліктеріндегі Елшілігінің кеңесшісі болды. 2007 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ақпараттық-сараптамалық департаменті директорының орынбасары. 2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әміріліктеріндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2010-2011 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 2011-2019 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің директоры.
2019 жылдан бастап қазіргі қызметінде.

Алматы қаласында туған. 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар факультетін үздік бітірген. 1994-1995 жылдары АҚШ-тың Монтана Штатындағы Университетте білім алмасу бағдарламасы бойынша оқыды. ҚазМӘТУ-ді бітіргеннен кейін, 1996 жылдан 1999 жылға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында (референт, Халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар бас басқармасында атташе, БҰҰ және халықаралық экономикалық қатынастар басқармасында үшінші, екінші хатшы) қызмет етті. 1998 жылғы мамыр мен тамыз аралығында – «Kлингендаль» халықаралық қатынастар институты дипломатиялық курстарының тыңдаушысы, Гаага, Нидерланды. 1999 жылдан бері – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қызмет істеді (Президент Протоколында конусультант, Президент Кеңсесінде бас сарапшы, Сыртқы саясат орталығында бас инспектор). 2007 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды. 2013 жылғы мамырда ҚР Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Гарвард Университетінде «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2013 жылғы маусым мен желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі. 2016-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы Қазақстан Республикасынның тұрақты өкілі. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі (2020-2022).
2023 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылында туған.
1998 жылы Батыс Қазақстан медицина колледжінің «Санитария, гигиена және эпидемиология» факультетін бітірген. 2008 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған.
2000 - 2008 жылдары БҚО Казталов аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарған. 2008 жылдың шілде айынан бастап ауысым бойынша Казталов аудандық сотына бас маман – сот отырысының хатшысы лауазымына тағайындалған. 2011 жылдың қараша айында Казталов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі қызметіне ауыстырылған. 2013 жылы Батыс Қазақстан облысының кеңсе меңгерушісінің орынбасары лауазымына тағайындалған.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінде судья лауазымына біліктілік емтиханын сәтті тапсырған. 2014-2017 жылдары Орал қаласының №2 сотының судьясы болып қызмет атқарған. 2017-2021 жылдары Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының төрағасы болды.
2021 жылғы желтоқсаннан қазіргі қызметінде.